Без рубрики

12 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ӘКІМДІКТЕР ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕДІ

12 шілдеден бастап елімізде мемлекет жалдамалы тұрғын үйдің жалдау ақысын ішінара субсидиялайтын пәтерлерге мониторинг жүргізудің жаңа тәртібі күшіне енді.

Жаңа талапқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қолдау алатын азаматтардың жалға алған баспанада нақты өздерінің тұрып жатқанын тексереді. Мониторингтің негізгі мақсаты – тұрғын үйді мақсатты пайдалану және мемлекеттік қолдау шараларының заң талаптарына сай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Тексеру барысында пәтерде субсидия алушының орнына өзге адамдардың тұрып жатқаны анықталған жағдайда, мемлекет тарапынан берілетін жалдау ақысының субсидиясы тоқтатылады.

Жаңа тәртіп мемлекеттік қолдауды шын мәнінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың пайдалануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ субсидиялау жүйесіндегі заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Әкімдіктер мониторинг жұмыстарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізеді. Азаматтарға тұрғын үйді пайдалану талаптарын сақтап, мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасының шарттарын орындау қажеттігі ескертілді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close