Без рубрики

АЛМАТЫДА ЗАҢСЫЗ КАЗИНО ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КҮДІКТІ ВЬЕТНАМДА ҰСТАЛЫП, ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ

Алматы қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетелдік азамат Вьетнам аумағында ұсталып, Қазақстанға қайтарылды.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары сыбайласымен бірге Алматы қаласының аумағында заңсыз казино ұйымдастырып, соның нәтижесінде 12 миллион теңгеден астам қылмыстық табыс тапқан.

Қылмыс әшкереленгеннен кейін сыбайластардың біреуі қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Ал екінші күдікті тергеу органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың ақпан айында ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейсов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close