Без рубрики

АСТАНАДА 18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, оқиға орнына жеткен құтқарушыларға тұрғындар да көмек көрсетті. Олар арнайы техниканың еркін қозғалуына кедергі келтірген көліктерді қолмен жылжытып, жолды босатуға атсалысқан.

Төтенше жағдай Нұра ауданындағы Е-36 көшесінде орналасқан 18 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел жетіп, жалынды толықтай ауыздықтады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің балконы мен асүйінен шыққан. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close