Без рубрики

АСТАНА–СЕМЕЙ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

Қазақстанда ішкі әуе қатынасының географиясы кеңейіп келеді. Осы ретте VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы 3 тамыздан бастап Астана–Семей–Астана бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті іске қосады.

Жаңа бағыт жолаушыларға екі қала арасында қатынауды жеңілдетіп, өңіраралық әуе тасымалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Жаңа рейстің ашылуы ел ішіндегі көлік байланысын нығайтып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің, сондай-ақ туристердің қатынауына қолайлы жағдай жасайды деп күтілуде.

Жолаушылар билет сату басталғаннан кейін рейс кестесімен танысып, сапарларын алдын ала жоспарлай алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close