Без рубрики

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ АЭРОТАКСИ СЫНАҒЫ ӨТЕДІ

Елордада болашақ көлік технологияларының алғашқы сынағы өтпек. 24 шілдеде Астанада алғаш рет аэротаксидің демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады.

Сынақ «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді. Іс-шара барысында тік ұшып-қона алатын AutoFlight Prosperity электрлі әуе көлігі (eVTOL) көпшілік алдында көкке көтеріледі.

Заманауи әуе көлігі бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған. Электр қуатымен жұмыс істейтін аппарат тік ұшу және қону мүмкіндігімен ерекшеленеді, бұл оған арнайы ұшу-қону жолағынсыз-ақ пайдалануға жол ашады.

Техникалық сипаттамасына сәйкес, AutoFlight Prosperity сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, бір қуатта 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.

Мамандардың айтуынша, мұндай әуе көліктері болашақта қалаішілік және өңіраралық қатынасты жеңілдетіп, көлік кептелісін азайтуға ықпал етуі мүмкін. Астанадағы демонстрациялық ұшу – Қазақстанда инновациялық әуе тасымалы технологияларын таныстыру бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі болмақ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close