Без рубрики

ЕЛДЕГІ БАРЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАҒА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРІС БАСТАЛАДЫ

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін 69 медициналық ұйымда жоспардан тыс тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, тексеру барысында мамандар инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын, ана мен жаңа туған нәрестенің қауіпсіздігін және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларының тиімділігін жан-жақты бағалайды.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл жұмыстың негізгі мақсаты – инфекцияларды емдеуден бұрын олардың алдын алу және медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік талаптарын күшейту.

Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына перзентханаларды қажетті дезинфекциялау құралдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз ету тапсырылды.

Ведомствоның мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге, босандыру қызметінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close