Без рубрики

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ АМУР ЖОЛБАРЫСЫНЫҢ ЕГІЗ ШӨНЖІКТЕРІНЕ ЕСІМ БЕРІЛДІ

Қарағанды хайуанаттар бағында дүниеге келген Амур жолбарысының егіз шөнжіктеріне ресми түрде Киара және Муфаса деген есім берілді.

Есімдер әлеуметтік желіде ұйымдастырылған арнайы байқау нәтижесінде таңдалды. Байқауға тұрғындар 300-ден астам ұсыныс жолдап, дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілікке «Арыстан патша» мультфильмінен таныс Киара мен Муфаса есімдері жеңіске жеткен.

Қазір егіз шөнжіктердің жағдайы жақсы. Олар анасымен бірге өсіп, күн сайын ширап келеді. Хайуанаттар бағының жоспарына сәйкес, болашақта шөнжіктердің бірі Қарағандыда қалса, екіншісі генетикалық алмасу бағдарламасы аясында басқа хайуанаттар бағына жіберіледі.

Амур жолбарысы – Қызыл кітапқа енген, жойылып кету қаупі бар сирек жыртқыштардың бірі. Мамандардың айтуынша, мұндай төлдердің дүниеге келуі осы ерекше жануарлардың санын сақтап, көбейтуге бағытталған табиғатты қорғау жұмыстары үшін маңызды оқиға саналады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close