Без рубрики

АИДА БАЛАЕВА ЖАСТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық жастар күніне орай қазақстандық жастарға құттықтауын жеткізді. Министр бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

Аида Балаева Қазақстанда бүгінде 5,8 миллионнан астам жас азамат тұратынын атап өтті. Оның айтуынша, жастар – елдің дамуына серпін беретін негізгі жасампаз күштердің бірі.

Министр қазіргі таңда жастардың сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына, кәсіп бастауына, баспана алуына және қоғамдық бастамаларға белсенді араласуына мүмкіндік беретін бірқатар жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

«Жастардың білімі мен біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуы, тұрғын үй мәселесін шешуі және қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін түрлі мүмкіндіктер қарастырылып келеді», – деді министр.

Аида Балаева сондай-ақ цифрландыру, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту бағытында жастардың рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Оның сөзінше, заманауи технологияларды меңгеріп, жаңа идеяларды жүзеге асыратын жас буын елдің технологиялық және экономикалық дамуына елеулі үлес қоса алады.

Министр жастардың білімін, жігерін және бастамашылдығын Қазақстанның болашағына салынған маңызды капитал ретінде бағалады. Сонымен қатар олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігі мен жаңа жобаларға деген қызығушылығына қолдау білдірді.

«Біз сіздерге сенеміз, жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз», – деді Аида Балаева.

Министр жастарды өз білімін жетілдіруге, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және ел дамуына үлес қосатын бастамаларды жүзеге асыруға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close