Без рубрики

АЛМАТЫДА АВТОБУС ҚАҒЫП КЕТКЕН ӘЙЕЛ ҚАЗА ТАПТЫ

Алматыда автобус пен жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан әйел қаза тапты. Қайғылы жағдай 12 тамыз күні Бостандық ауданында болған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 12:20 шамасында Мұстафин көшесінде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Осы уақытта 1996 жылы туған әйел жолды шығыс бағытта кесіп өткен. Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған факті бойынша Алматы полиция департаментінің Анықтау басқармасы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазір полиция жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, оқиғаның қалай болғаны толық зерделенеді.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және әсіресе жолдан өту кезінде барынша сақ болуға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close