Без рубрики

АСТАНАДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН 1200 ОРЫНДЫ МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан жобаға 7 миллиард теңге бағытталған.

1200 оқушыға арналған заманауи білім беру нысаны елорданың «Нұра» ауданында бой көтеруде. Қазіргі уақытта мектеп аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңа білім беру нысаны пайдалануға берілгеннен кейін аудандағы мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, жаңа мектеп №84, №85, №89 және №97 білім беру ұйымдарындағы оқушы санын реттеуге ықпал етпек.

Заманауи мектептің салынуы елордадағы білім беру инфрақұрылымын дамытуға және оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жоба іске асқаннан кейін «Нұра» ауданындағы мектеп орындарына деген сұранысты азайтуға мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close