Без рубрики

ПАВЛОДАРДА 35 МЛРД ТЕҢГЕЛІК АЛКИЛАТ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Павлодарда құны 35,5 млрд теңге болатын алкилат өндіру зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа өндіріс іске қосылғаннан кейін жоғары октанды бензин өндіруге қажетті компоненттердің бір бөлігін отандық кәсіпорындардан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында жылына 110 мың тонна бутан-бутилен фракциясын өңдеп, 97,6 мың тоннаға дейін алкилат өндіру жоспарланған.

Алкилат – жоғары октанды және экологиялық талаптарға сай мотор отынының маңызды компоненттерінің бірі. Ол К5 экологиялық стандартына сәйкес келетін бензин өндіру кезінде пайдаланылады. Жаңа өндірістің іске қосылуы отандық мұнай өңдеу саласының шикізаттық мүмкіндігін арттырып, жоғары сапалы жанармай компоненттеріне деген қажеттілікті өтеуге бағытталған.

Кәсіпорынның негізгі өткізу нарығы Қазақстандағы жоғары октанды бензин өндіретін мұнай өңдеу зауыттары болмақ. Сонымен қатар өндірілетін өнімнің бір бөлігін шетел нарығына экспорттау мүмкіндігі де қарастырылған.

Жобаның жүзеге асуы Павлодар өңіріндегі мұнай-химия және мұнай өңдеу саласының дамуына серпін беріп, өндірістік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ішкі нарықты отын өндірісіне қажетті компоненттермен қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Зауытты пайдалануға беру 2027 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін жыл сайын ондаған мың тонна алкилат өндіріліп, оның басым бөлігі Қазақстанның ішкі нарығына бағытталмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close