Без рубрики

LRT ҚҰРЫЛЫСЫНДА ЖАҢА ӘДІС ҚОЛДАНЫЛА БАСТАДЫ

Астанада LRT құрылысы жаңа кезеңге өтті. Қосшы бағыты бойынша бұған дейін негізінен тіреулер орнатылса, қазір эстакадалардың өздерін құрастыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмыстары бірнеше аумақта жалғасуда. Жағалау бөлігінде нысан Талдыкөлге дейінгі аумақты қамтыса, Ескі қала аумағында Астана вокзалы маңында LRT-ге қатысты алғашқы жұмыстар басталған.

Қосшы бағытына жаңа құрылыс тәсілінің енгізілуі нысандағы жұмыстардың қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Яғни мамандар тіреу бағандарын орнатумен қатар, олардың үстіне эстакада конструкцияларын орналастыру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Бұл тәсіл құрылыс кезеңдерін жеделдетіп, LRT желісінің жекелеген учаскелерін қысқа мерзімде аяқтауға жағдай жасауы мүмкін.

Айта кетейік, LRT құрылысы Алматыда да қарқынды жүріп жатыр. Қаладағы жаңа көлік жүйесінің инфрақұрылымын салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жалпы, ірі қалаларда LRT жобаларын дамыту қоғамдық көліктің өткізу қабілетін арттырып, тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге бағытталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close