Без рубрики

ФОНОГРАММАМЕН ӘН АЙТҚАН ӨНЕРПАЗДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Қазақстанда концерттерде вокалдық фонограмманы пайдалану тәртібі өзгерді. Енді белгіленген талаптарды бұзған ұйымдастырушылар, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Биыл 19 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Құжатта концерттік-ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде вокалдық фонограмманы пайдалануға қатысты жаңа талаптар қарастырылған.

Өзгерістерге сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 156-бабы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды.

Заңда концерттік-ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс фонограммаларын пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Мұндай талапты бұзған жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал заңды тұлғаларға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер дәл осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі де артады. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға 150 АЕК, ал заңды тұлғаларға 200 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Алайда жаңа талап барлық концерт пен түсірілімге бірдей қолданылмайды. Заңдағы норма телевизиялық жазбаларға, сондай-ақ концерттік іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарға қатысты қолданылмайды.

Осылайша, Қазақстанда концерт кезінде вокалдық фонограмманы пайдалану мәселесі заң жүзінде реттеліп, белгіленген талаптарды бұзған орындаушылар мен іс-шара ұйымдастырушыларына нақты әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close