ПРЕЗИДЕНТ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

Дәурен Қосанов бұл қызметті 2025 жылғы 8 маусымнан бері атқарып келген. 2026 жылғы 3 қыркүйекте ол Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалған болатын.
Министрдің қызметтен босатылуы Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізіліп жатқан тексеру шараларымен тұспа-тұс келді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құрылғаны белгілі болды. Комиссия әскери құрылымдарға бөлінген қаражаттың жұмсалуын, әскери қызметшілердің тамақтануы мен киім-кешекпен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жай-күйін тексереді.
Комиссияны Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның орынбасары болып Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов тағайындалған. Алғашқы тексеру нәтижелері жеті күн ішінде Мемлекет басшысына баяндалуы тиіс.



