Без рубрики

ТОҚАЕВ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін қабылдады.

Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қажетті іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Құжат жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close