Без рубрики

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР ТМД ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТІК ЖАСАҚТАР СЛЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ресейдің Омбы қаласында «Иртыш – территория дружбы и созидания» атты ТМД елдерінің студенттік жасақтары слеті өтті. Халықаралық жиынға Достастық елдерінің жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, жастар дипломатиясын дамыту, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Пленарлық отырыста қатысушылар жастар саясаты мен волонтерлік қызмет саласындағы озық тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар халықаралық студенттік жасақтардың жұмысын дамытуға арналған стратегиялық сессия ұйымдастырылды. Құрылыс, медицина, педагогика және қызмет көрсету бағыттарындағы жасақтардың қызметіне арналған тақырыптық кездесулер мен дөңгелек үстелдер де өтті.

Слет аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы мен «Ресей студенттік жасақтары» бүкілресейлік жастар қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Қазақстан мен Ресей студенттерінің бірлескен жобаларға қатысуына, жастар еңбек жасақтарының қызметін дамытуға және екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Меморандум студент жастардың тәжірибе алмасуына және ортақ бастамаларды жүзеге асыруына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close