Педагогикалық пәнаралық секциялық отырысы онлайн форматта өтті
Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы «Халықаралық зерттеулер, ақпараттық талдау, сараптау» бөлімінің ұйымдастыруымен, «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытудың жағдайы мен жаңа оқу жылына арналған міндеттер» атты педагогикалық пәнаралық секциялық отырысы онлайн форматта өтті.
Іс-шараның мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру бойынша жұмысты жетілдіру.
2020-2021 жылғы мұғалім мен оқушылар арасындағы түрлі жетістіктер, кемшіліктер талқыланып, құнды баяндамалар оқылды. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды.
Әрбір педагог оқушыларының білімін толықтыру бойынша арнайы жұмыстарды ойластырып, тиімді жұмыс жүргізу керектігі талқыланды. «2021-2022 оқу жылына арналған оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік хатпен таныстырылды.