Білім

«АРАЛАС ОҚЫТУ» ФОРМАТЫН ТҮСІНДІРДІ

Ордабасылық ұстаздар білім, біліктілігін, тәжірибесін арттыру мақсатында үздіксіз ізденіс үстінде жүреді. Осы мүдде жолында семинар, тренингтер жиі ұйымдастырылып келеді. Сондай ісшаралардың бірі тағы да көрініс тапты.

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің педагогикалық әдістемелік кабинет әдіскері Оңалбаева Шолпан аудан мұғалімдеріне арнап «Аралас оқыту» форматын түсіндіру тренингін ұйымдастырды .

Тренингте BilimLand.kz-пен аралалас оқыту технологиясының артықшылықтары таныстырылды. Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға қарамастан , оқушылардың сапалы білім алуына , ал мұғалімдердің балаларды қашықтықтан оқытуына қажетті барлық техникалық және мазмұндық қолдау көрсетуде.

Аралас оқыту технологиясы дәстүрлі және электронды оқытудың артықшылықтарын тиімді пайдалануға және әрқайсысының кемшіліктерінің өзара орнын толтыруға мүмкіндік береді. Аралас оқыту – күндізгі оқу (бетпе-бет оқыту) мен компьютер құралдарымен оқудың үйлесіміне негізделген оқыту жүйесі. Бұл өз кезегінде пән мұғалімдеріне орасан зор пайдасын тигізері сөзсіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close