Саясат

«ЖЕР-2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Төтенше жағдайлар министрінің ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес, «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда. Оқу-жаттығу 2021 жылдың 21-22 қыркүйек аралығында Алматы облысында өтеді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.

Халықаралық деңгейде өтіп жатқан оқу-жаттығуға Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің ТЖ министрілігі және Тәжікстан Республикасының ТЖ комитеті қатысуда.

Шымкент қаласының ТЖ департаментінің күш және құралдарын қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов, департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев басқаруда. Шымкент қаласының күш және құралдары Алматы облысындағы «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында Алматы қаласында болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде өзара көмек көрсету іс-әрекеттерін пысықтайды.

Оқу-жаттығу өткізу орнында жедел штаб құрылып, жойқын жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде ден қою, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдары іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимылды жетілдіруі нақтыланады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close