Жасөспірім арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу — басты міндет
Еңбекші АПБ-ның Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары есепте тұрған жасөспірімдермен профилактикалық әңгілер жүргізді; Оқушыларға түрлі мысалдар келтіре отырып, олардың құқықтары жөнінде, заң талаптарын бұзған жағдайда қандай жазалар болатыны туралы толығырақ түсіндірді.
«Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жеткіншектердің қылмысқа баруының негізгі себебі — олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек. Бұл мәселе қоғамдағы көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қылмыстың алдын-алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру» -деді полиция аға лейтенанты Марс Утембаев.
Кездесу соңында жасөспірімдер ойда жүрген сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды.
Айта кететін ақпарат, мұндай маңызды жиындар алдағы уақытта да жалғасатын болады