Саясат

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК ПЕН ҚОЛДАУ КӨП

Шымкент қаласында халық саны өскен сайын түрлі өнім, қызмет түрлеріне деген сұраныс та артуда. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлер сапалы өнім шығарып, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Жылдан-жылға халықта таңдау еркіндігі артып келеді. Себебі үшінші мегаполисте кәсіпкерлік нысандары көбейіп жатыр. Бұл үрдіс өз кезегінде кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, сапаның артып, бағаның түсуіне зор ықпал жасайды. Нәтижесінде, нарықта азулы нысандар қалады. Осы орайда қалада тек ірі кәсіпкерлерді емес, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда.

Шымкент қаласының кәсіп­кер­лік және индустриялық-инно­вациялық даму басқар­масының ұйытқы болуымен қала экономика­сын дамыту мақсатында бірнеше жоба жүзеге асырылды. Көптеген кәсіпорын ашылды. Бұл туралы дүйсенбі күні әлеуметтік желі­лер арқылы тікелей эфирге шық­қан басқарма басшысы Бе­ре­ке Дүйсебеков мәлімдеді. Оның айтуын­ша, индустриалды аймақ­тарда кәсіпкерлерге өндіріспен айналысуға барлық жағдай жасалып, оларға салынатын салық көлемі айтарлықтай төмендетілген.

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Осыған орай Еңбекші ауданында бірқатар нысан ашылу жоспарлануда. Соның бірі және бірегейі Оңтүстік арнайы экономикалық аймақта «Шымкент химиялық ком­паниясы» жанармай өңдеуге қажетті химиялық қоспа (Метил-трет бутил эфир – МТБЭ) және пластикалық материалға қажетті (полипропилен) ұнтақтарды шы­ғару зауыты болмақ.

Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 57 мың тонна МТБЭ құрайды. Бұл оған ішкі нарық­тың қажеттіліктерін толығымен жабу­ға мүмкіндік береді. «ШХК» ЖШС зауытын ресми іске қосу қазақстандық мұнай-химия сала­сының сапалы жаңа деңгейге көшуінің бастамасы болмақ. Өйт­кені кәсіпорын жаңғыртылған Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШМӨЗ) мұнай-газ химиясы шикізатын өңдеу тереңдігін елеулі дәрежеде арттыруға мүмкіндік береді. Енді, өңірде этилденбе­ген автомобиль бензиндерін алу кезінде пайдаланылатын құра­мында оттегі бар негізгі жоғары октанды компоненттердің бірі – МТБЭ өз өндірісі жолға қойыл­ғандықтан мұнда еуро-4 және еуро-5 экологиялық класты отын өндірілетін болады.

Зауыт құрылысы, жабдықтар­ды сатып алу Қазақстан даму бан­кінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылды, ол Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемле­кеттік бағдарламасы аясында 10 жылға дейінгі мерзімге 9 млрд теңге мөлшерінде қаржылық қол­дау көрсетті. Жобаның жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрады, осылайша қалған бөлігін 4,7 млрд теңге көлемінде «ШХК» ЖШС өз қаражаты есебінен салып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close