ОҚУШЫЛАР БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы
N 2 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Оқырман Boy, оқырман Girl» тақырыбында көп кітап оқитын ұл мен қызды анықтау сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, өзара талқылауға, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу. Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Сайысқа 8 «А» сынып оқушысы Камалгалиев Берік Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романын, 8 «А» сынып оқушысы Қалтаев Ерасыл М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасын», 8 «В» сынып оқушысы Тілеу Асқар Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романын, 8 «В» сынып оқушысы Әуезхан Маржан Б.Соқпақпаевтың «Балалық шаққа саяхат» әңгімелерін, 10 «Б» сынып оқушысы Нұрғали Аяулым З.Ахметованың «Шуақты күндер» естеліктерін, 10 «Б» сынып оқушысы Жетес Айша І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмаларын талқылап, өз ойларын ортаға салды.
Бұл сайыста 10 «Б» сынып оқушысы Нұрғали Аяулым және 8 «А» сынып оқушысы Қалтаев Ерасыл белсенділік танытып, үздік оқырман аталып марапатталды.