Саясат

ҚЫРЫҚБАЕВТЫ ҚОЛДАЙТЫН ЕЛДІҢ ҚАРАСЫ КӨП

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күнінде Парламент мәжілісіне үміткер Темір Базарбайұлы Жетісайлық жерлестерімен кездесті.

Жетісайдағы орталық стадионға жиналған жұрттың қарасы көп. Олар “Amanat” партиясының және Темір Қырықбаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысуға келген.

Сайлаушылар алдында сөз сөйлеген Темір Базарбайұлы мәжіліске барудағы мақсатымен бөлісіп, елдің мәселесін республика деңгейінде шешуге барын салатынын айтты.

Одан бөлек, Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылымында бірге болған әріптестері Нұралы Әбіш және Талғат Қаржауов мәжіліс кандидатының екі жылда атқарған жұмыстарын баяндап, мәселе көтеріп, шешуге ықпал жасай алатын Темір Қырықбаевты қолдауға шақырды.

Жаңа Қазақстанның- Жаңа депутатына бірге дауыс берейік!

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close