Қоғам

“ОЙЫНШЫҚ” АВТОМАТПЕН ҰСТАЛДЫ

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрғаны анықталды.

Бұл бейнежазбаны Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шараларды қабылдады.

Нәтижесінде бейнежазбадағы жас жігіт Сайрам ауданының 22 жастағы  тұрғыны болып шықты. Ал оның қолындағы пейнтбол ойнауға арналған автомат екені анықталды.

Жас жігітпен тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close