Қоғам

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Көптеген мүгедектер қоғам тарапынан зорлық-зомбылықтан бөлек отбасындағы зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне ұшырайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, барлық 54 респондент әйел өздерінің күйеулерінен немесе серіктерінен, отбасы мүшелерінен зорлық-зомбылықтың түрлі нысандарын көреді.

Мүгедек әйелдер физикалық, экономикалық, психологиялық, жыныстық зорлық- зомбылыққа мүгедек ерлерге қарағанда көбірек ұшырайды. Зерттеу мүгедектердің 61%- інің қоғамның, мемлекеттік органдардың, туысқандарының тарапынан және отбасында экономикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын анықтады, ол респонденттің кірісі мен шығыстарын қадағалауды, ақша бопсалауды, мүгедектік бойынша жәрдемақыны иемденіп алуды және респонденттің мұқтаждықтарын ескерместен ақшаға иелік етуді қамтиды.

Респонденттердің басым көпшілігі отбасы мүшелерінің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, қоғамдық орындарда адамдардың тарапынан өздері туралы сөгіс пен ар- намысты таптайтын қорлау сөздерін жиі еститінін, яғни психологиялық зорлық- зомбылыққа ұшырайтынын атап өтті.

Респонденттердің 26%-і жеке басының тәуелсіздігі мен дербестігі әлдебір дәрежеде отбасы мүшелерінің тарапынан шектелгенін айтты. Серіктері мен туыстары олардың өз достарымен, туыстары мен көршілерімен қарым-қатынастарына шек қояды.

Респонденттердің 64%-і мезгіл-мезгіл қауіп-қатер, түрткі, соққы, шашынан тарту, ұрып-соғу, қылғындыру, оларға заттарды лақтыру, үйде күштеп ұстау түріндегі физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

Респонденттердің 20%-і тиісті емес күтімге шыдауға мәжбүр.

Сауалнама әйелдердің 15%-інің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көрсетті, бір жағдайда мұндай зорлық-зомбылыққа 25 жастағы жас ер адам ұшыраған. Іс жүзінде әрбір бесінші мүгедек әйел өміріндегі осындай фактілер туралы хабарлады. Орын алған жыныстық зорлық-зомбылықтардың нәтижесінде дүниеге 3 бала келді.

Респонденттердің 12%-і олардың балаларының мектепте, көшеде құрдастары тарапынан психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын хабарлады. Құрдастары оларды ата-анасының мүгедектігіне байланысты мазақтайды, намысына тиеді, соққыға жығады.

Физикалық зорлық-зомбылық

Физикалық зорлық-зомбылықты психологиялық зорлық-зомбылықтан ажыратып қарастыруға болмайды, өйткені респондент психологиялық зорлық-зомбылықты міндетті түрде оның алдында (оған келтірген жанжал, қауіп немесе ашулану) немесе одан кейін (реніш, амалсыздық сезімі және т.б.) сезінеді.

Физикалық зорлық-зомбылық барлық жағдайларда зорлық-зомбылықтың басқа түрлерімен бірге жүреді.

Өткізілген сұхбаттардың барысында әйелдердің 25%-тен астамы зорлық- зомбылықтың салдарынан мүгедек болғанын жоққа шығармайтынын айтты. Олардың кейбіреулері бассүйек-ми жарақаттары салдарынан көру қабілетінен айырылған.

Психологиялық зорлық-зомбылық

Зорлық-зомбылықтың бұл түрінің күрделілігі мен шетіндігі егжей-тегжейлі пысықтауды және барлық мүгедектермен жеке оңалту жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Себебі «елден бөлек» адамға айналған немесе солай туған кез келген адамның психикасы әдеттегі күйінде жабырқау болып табылады және мұндай адамдар өздерін психологиялық тұрғыдан ыңғайсыз сезінеді. Сауалнама барысында осы пікір расталды.

Сауалнаманың нәтижесі бойынша, өзіне қатысты зорлық-зомбылықты атап өткен 77 респонденттің барлығы отбасы мүшелерінің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, қоғамдық орындарда адамдардың тарапынан өздеріне қатысты сөгіс, намысты таптайтын және қорлайтын сөздер естігені, яғни психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды. Өкінішке орай, тіпті өздеріне қатысты ешқандай сөгіс естімегенін айтқан 6% те (5 адам) кейін өздеріне қатысты жағымсыз қарым-қатынасқа немесе бас бостандығын шектеуге ұшырағанын атап өтті.

Респонденттердің 26%-і жеке басының тәуелсіздігі мен дербестігі әлдебір дәрежеде отбасы мүшелерінің тарапынан шектелгенін айтты. Серіктері мен туыстары олардың өз достарымен, туыстары мен көршілерімен қарым-қатынастарына шек қояды және олардың ар-намысын қорлайтын сөздер айтады. Көптеген жағдайларда оларға отбасылық іс- шараларға (үйлену тойлары, мерекелер және т.б.) қатысуға тыйым салынады.

Респонденттердің 67%-і туысқандарының, достарының, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тарапынан, қоғамдық көліктегі адамдардың қарағандарынан, ым-ишараттарынан, кездейсоқ айтылған сөздерінен өздеріне қатысты жағымсыз қарым- қатынасты байқаған.

Экономикалық зорлық-зомбылық

Экономикалық зорлық-зомбылық бойынша деректерді талдау 45 жағдайда (респонденттердің 61%-і) респонденттер экономикалық зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлеріне ұшырағанын көрсетті. Жағдайлардың 32-сінде (респонденттердің 42%-і) оларға материалдық көмек көрсетілмеген немесе көрсетілмейді деп қорқытқан. Жағдайлардың 10%-інде бұл әкімдіктің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, денсаулық сақтау, ЖПҚ және ХҚКО қызметкерлерінің, сондай-ақ қоғам мүшелерінің тарапынан жасалады. Респонденттердің 25-і (33%) кірістері мен шығыстарының өз жұбайы мен енесінің тарапынан қадағалануын шыдауға мәжбүр. Респонденттердің 25%-інен жұбайы және/немесе көршілері алкогольге, есірткіге ақша бопсалайды.

Респонденттер отбасыларының 2/3-і мүгедектік бойынша жәрдемақыға өмір сүреді. Мүгедек адамдардың отбасыларының әрбір мүшесіне шаққандағы айлық кіріс 8000 теңгеден 30000 теңгеге дейін құрайды. Жиырма бір жағдайда (27%) мүгедектік бойынша жәрдемақыны респонденттер үшін олардың жұбайы, енесі, жеңгелері алады және олардың мұқтаждықтарымен санаспай, ақшаға өздерінің қалауы бойынша иелік етеді. Көптеген респонденттер қажетті препараттарды сатып ала алмайтынын атап өтті. Жиі тамақ пен киім сатып ала алмайды.

Экономикалық зорлық-зомбылық жағдайы көп жерде 2 және 3-ші топтағы мүгедек адамға жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауынан қиындай түседі. Респонденттердің 64,2%-інің білімі орта білім деңгейінен жоғары емес. Көпшілік жағдайда білікті білімнің болмауы жұмысқа орналасудағы қиындықтарға әкеп соғады.

Мүгедек адамдар жұмыс іздегенде тіпті дені сау адамдарға жұмыс жоқ екенін жиі естиді. Көп жағдайда жұмыс орындары бола тұра жұмыс берушілер жұмысқа мүгедек адамдарды қабылдағысы келмейді.

Мүгедек әйелдердің үлкен проблемасы – олар көбінесе мүгедектік бойынша өз жәрдемақысын өздері пайдалана алмайды. Мәселен, респондент әйелдер күйеулерінің жиі мүлдем ақша таппайтынын, алайда олардың мүгедектік бойынша жәрдемақысын тартып алатынын немесе ішіп қоятынын атап өтті.

Жыныстық зорлық-зомбылық

Респонденттердің жыныстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша ақпаратына талдау сауалнамаға жауап берген 54 адамның 11 жағдайында (14%) мүгедек әйелдердің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын анықтады. Үш жағдайда жыныстық зорлық- зомбылық босанумен аяқталған жүктілікке алып келген.

Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 11 әйелдің үшеуінің көруге байланысты мүгедектігі бар, үшеуі – ТҚА бұзылыстарына байланысты мүгедек, үшеуі – жалпы ауруға байланысты мүгедек және екі респондент – естуге байланысты мүгедек.

Жыныстық зорлық-зомбылық көрген 11 әйелдің екеуі оған 6 және 8 жастарында ұшыраған. Олардың біреуі осы зорлық-зомбылықтың салдарынан мүгедек болды. Бұл кейіннен оның бүкіл өміріне әсер етті – балалық шақта көрген жыныстық зорлық- зомбылықтың нәтижесіндегі мүгедектіктің салдарынан ол ең үлкен арманын орындай алмады: отбасын құрып, бала туу мүмкіндігінен айырылды. Он сегіз жасында оны алып қашқан, бірақ мүгедектігіне байланысты ол туған-туыстарына қайтарылды. Ол кезде ол жүкті еді, бірақ оның босану-босанбауын ол үшін әпкелері шешті – белгілі бір айла-шарғы жасап, баланы түсіріп жіберді, бұл оның ұрпақты болу функцияларын жоғалтуына алып келді. Ол аздай, туыстары оны әкесінің үйінен қуып жіберіп, ол баспанадағы өз үлесінен де айырылды.

Алты жасында жыныстық зорлық-зомбылықты бастан кешірген екінші әйел кейінгі өмірінде үш рет топпен зорлауға ұшырады (3-қосымшадағы респондент әйелдердің оқиғаларын қараңыз).

Зорлық-зомбылық орын алған жағдайда көмекке жүгіну шаралары туралы хабардарлық пен олардың қолжетімділігі

Жүргізілген сауалнама барысында 86 респонденттің 78-і (90%) зорлық-зомбылық жағдайында көмек сұрап кімге жүгінетіні туралы жауап берді:

  • 32 жағдайда (респонденттердің 41%-і) сұралғандар көмекке полицияға және учаскелік инспекторға жүгінетінін айтты;
  • 26 жағдайда (33%) туысқандарына жүгінетінін айтты;
  • 14 жағдайда (респонденттердің 18%-і) ешкім ештеңемен көмектеспейді деген сенімі мен тәжірибесіне сүйеніп, ешкімге көмек сұрап жүгінбейтінін айтты;
  • 6 жағдайда (8%) психологтарға жүгінетінін айтты.

Тек 37 респондент (47%) жедел жәрдемнің, әлеуметтік қызметкердің, учаскелік полиция қызметкерінің, полицияның телефондарын біледі, ал 49 респондент (57%) бұл қызметтердің байланыстарын айта алмады.

ӘПСҚ (Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметтерінің) телефон нөмірлері мен мекенжайларын бар болғаны 3 адам ғана біледі.

Сұралған адамдардың ешқайсысы жедел желінің және дағдарыс орталықтарының телефондарын білмейді.

Зорлық-зомбылық жағдайында көмекке шақыруға мүмкіндігі бар респонденттер:

  • 57 респондент (66%) өз ұялы телефоннан қоңырау шала алады. Олардың 19-ы – бейне байланыс арқылы сурдоаудармашымен байланыса алатын есту қабілеті бұзылған мүгедектер;
  • 5 респондент (6%) үй телефонынан қоңырау шала алады, ұялы телефондары жоқ. Бұл адамдар – жасы 55-тен асқан ауыл тұрғындары.
  • 7 адам (респонденттердің 8%-і) үйден шығып, көмекке көршілерін шақыра алады;
  • 9 респондент (10,5%) көмек шақыруға ешқандай мүмкіндігі жоқ деп жауап берді. Бұл адамдар – ТҚА бұзылуына, жалпы ауруға және көруге байланысты мүгедектігі бар респонденттер.

Көптеген шалғай ауылдарда (аудан орталығынан 100 шақырымнан астам) интернет те, ұялы байланыс та жоқ.

Әр түрлі жағдайларда зорлық-зомбылыққа төтеп беру үшін мүгедек адамдар қолдана алатын шаралар:

Бұл сұраққа барлық 86 респондент жауап берді. Барлық сұралғандардың ішінде 37 респондент немесе 43% әр түрлі жағдайларда зорлық-зомбылыққа төтеп беру үшін қандай шараларды қолдану керектігін біледі, ал 49 респондент немесе 57% ешқандай қажетті шараларды білмейді екен.

Әр түрлі жағдайларда зорлық-зомбылыққа төтеп беру үшін респонденттер қолданатын шаралар:

  • туысқандарын көмекке шақыру,
  • 2-3 күнге үйден кетіп қалу,
  • қоғамдық жерлерде жалғыз жүрмеу,
  • сенім телефонына қоңырау шалу,
  • полиция шақыру,
  • ойластырылған шешім қабылдау,
  • агрессордан бөлек тұру,
  • жеке қауіпсіздік шараларын сақтау,
  • айқайлау, күресу, диктофонға жазып алу,
  • агрессор серікпен ажырасу.

Сіз өз құқықтарыңызды білесіздер ме деген сұраққа 86 респонденттің 27-і ғана

«білемін» деп жауап берді (31,4%), респонденттердің үштен екісі (68,6%) негізінен ақпараттың қол жетімсіздігі, әлеуметтік қызметкерлермен және ЖПҚ қызметкерлерімен, медициналық қызметкерлермен, ӘПСҚ қызметкерлерімен өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі салдарынан өз құқықтарын білмейді.

Шешім қабылдау еркіндігін 17 адам немесе барлық респонденттердің 20%-і сезінеді. Респонденттердің қалған 80%-і еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің жоқтығынан, қаржылық- материалдық қиындықтардан, туыстарымен, достарымен кездесуге күйеулері мен отбасы мүшелерінің тыйым салынуынан өздерін еркін сезінбейді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close