ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ МЕН СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕГІ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК
Адамның өмір мен өлім арасындағы арпалыс кезеңін және ағзаның маңызды қызметтерінің тоқтай бастауының соңғы дәрежесін көрсететін күйді терминалдық жағдай деп атайды.
Терминалдық жағдай аса ауыр түрдегі жарақаттық шок, қатты қансырау, асфиксияның барлық түрлері, электр жарақатының салдары, жіті уланудың кейбір түрлері, суға бату, миокард ин- фарктісі кезіндегі жіті коллапс, өткізу жүйесінің оқшаулануынан жүрек соғысының бұзылуы, сіреспе кезіндегі апноэтикалық күрт асқыну мен басқа да шамадан тыс ауыр патологиялық факторлардың ағзаға әсерінен болады.
Терминалдық жағдай бірыңғай өлу процессінің үш деңгейіне жіктеледі:
- Преагониялық жай-күй (жантәсілім алды) (естің бұзылуы, тері жабынының көгеріп, тез арада бозарып кетуі, артериалық қан қысымының төмендеуі, ұйқы және сан күре тамырынан басқа тамырлардың соғуы төмендейді, үстірт және жиі тыныс алу);
- Агониялық жай-күй (есін жоғалтады, қимылдық қозуы мүмкін, анық байқалатын көгеру, ұйқы және сан күре тамыры ғана соғады, Чейн – Стокс типі бойынша тыныс алудың бұзылуы);
- Клиникалық өлім соңғы дем мен жүрек соғысы тоқтағанға дейін өмір сүру нышандарының толықтай жойылуы: есін жоғал- ту, ұйқы және сан күре тамырларының соғуының тоқтауы, жүрек соғысының тоқтауы, кеуденің тыныс алу қозғалысының тоқтауы, жарыққа реакцияның болмауымен қарашықтың максималды кеңеюі.
Клиникалық өлім кезеңі 5 – 7 минутқа созылып, одан кейін биологиялық өлім басталады.
Өлімнің айқын белгілері: дененің қатып қалуы, дене температурасының қоршаған орта температурасының деңгейіне дейін төмендеуі, мәйіт дақтарының пайда болуы.
Клиникалық өлім кезінде өмір нышандарының болмауы 5 – 7 минут ішінде ми тіндері жасушаларында негізгі алмасу процесстерінің жалғасуынан қайтарымды сипатқа ие болуы мүмкін. Сондықтан клиникалық өлім терминалдық жағдайлардың жекелеген түріне жіктеледі. Оның себебі зардап шеккен адамда өміріне қауіп төндіретін жарақаттар болмаса, клиникалық өлімнен соң алғашқы 3 – 5 минут ішінде жүзеге асырылған реанимациялық шараларды қолдану арқылы ағзаның өмірлік мәні бар барлық қызметтерінің толықтай қалпына келуіне қол жеткізуге болады. Реанимациялық шаралардың кешірек жүргізілуі ағзаның соматикалық (тыныс алу, қан айналымы) қызметін қалыпқа келтіре алғанымен, орталық жүйке жүйесі жоғарғы бөлігінің, ең алдымен бас миының үлкен жарты шары қызметін қайта қалпына келтіре алмауы, тіпті толықтай қыртыссыздануы («мидың өлуі») мүмкін.
«Реанимация» терминін адамды тірілту деп тар мағынада түсінбей, зардап шеккен адам ағзасының өмірлік маңызды қызметтерін – тыныс алу мен қан айналымын қалыпты ұстау және қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені деп қарастырған жөн.
Реанимациялық көмек өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) және жүрекке тікелей емес массаж жасаудан тұрады.
Кез-келген жағдайда жасауға болатын мұндай шараларды бастамас бұрын зардап шеккен адамды тез арада қатты, тегіс жерге (пәтердің едені, құрғақ жер және т.б) жатқызу керек. Жүрекке тікелей емес массаж жасау жеңіл және серіппелі қабатта жасалса ылғи да тиімсіз болады.
Өкпені жасанды желдету «өкпеден өкпеге» ауа жіберу — «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» ауа жіберу арқылы жүзеге асырылады. Соңғы тәсіл дұрысы- рақ болып саналады, өйткені мұрынға ауа жібергенде ауаның көбі асқазанға емес, тыныс алу жолдарына жетеді. Сұйықтық толған асқазанға (мысалы суға кеткенде) ауа кірсе асқазанның ішіндегінің бәрі сыртқа ағып, тыныс алу жолдарын бітеп таста- уы мүмкін. Өкпені жасанды желдетуді бастамай тұрып, зардап шегушінің тыныс алу жолдарының қалыпқа келуін және еркін өтімділігін қамтамасыз ету керек. Ол үшін реанимациялық ша- раларды жасаушы зардап шеккен адамның басын барынша артқа қарай шалқайтып, қолымен осы деңгейде ұстап тұрады да, ӨЖЖ дереу арада бастайды, әрі ауызына ауа үрлесе, бас бармағымен және сұқ саусағымен мұрнын қысып, жабады; ал мұрнына ауа жіберсе реаниматор төменгі жақ сүйегін қысып ұстап, кезекті рет ауа үрлеген соң оны босатады.
Мұрын орамалы немесе дәке арқылы ауызға я болмаса мұрынға ауа жіберуге болады.
Басын артқа шалқайтыңыз. Науқастыңаузынадемсалыңыз. Көкірек қуысын бақылаңыз.
Немесе басын артқа шалқайтыңыз. Науқастың мұрнына ерніңізді тигізіңіз. Науқастың мұрнына дем салыңыз.
Егер ӨЖЖ барысында кедергі байқалса тез арада зардап шегушінің төменгі жақ сүйегін алға итеріп, мұрын орамалымен немесе дәкемен саусақты орап, ауыз қуысын тазарту керек және мүмкіндік болса ауа өткізгіш қою керек. Шамамен үш-бес рет дем салған соң реаниматор ұйқы күре тамырының соғысын анықтай- ды. Егер тамыр соғуы сезіле бастаса, реаниматор минутына 12 рет жиілікпен өкпені үрлеуді жалғастырады.
Тамыр соғуының сезілмеуі және қарашығының максималды ұлғаюы жүрек тоқтауының неғұрлым маңызды көрсеткіші болып табылады және жүрек сыртына не болмаса тікелей емес массаж жасауды бастау қажеттігіне белгі болып табылады.
Жүрек сыртына массаж жасау жиілігі секундына бір реттен келетіндей кеудені ырғақты түрде басу (ересектерге 4 – 5 см тереңдікке) арқылы жүзеге асырылады.
Балаларға жүрек массажы бір қолмен, ал жаңа туылған балалар мен нәрестелерге екі саусақтың ұшымен ғана жасалады.
Жүрек сыртына жасалатын массаж өз алдына өкпелерді желдете алмайды, сондықтан ол ӨЖЖ тәсілдерінің бірімен қосыла атқарылуы керек.
Бір ғана реаниматор болғанда өкпеге әрбір екі рет ауа жіберілген соң бір секундтық интервалмен 15 рет (ара қатынасы 2:15) кеуде қуысына компрессия жасалады. Желдету мен жаншудың арасында үзіліс аз ғана болуы керек.
Егер екі адам реанимациялық шараларды жасап жатса, онда біре- уі жүрекке массаж жасайды, ал екіншісі кеуде қуысын әрбір бесінші рет жаншыған соң өкпесін кеңейту шарасын жасайды (ара қатынасы 5:1).
Жүрекке массаж жасау ұйқы қан тамырлары соққанға дейін, ал өкпені жасанды желдету өз бетінше тыныс ала бастағанға дейін жасалады.
Электр жарақаты. Электр тогының әсерінен болатын зақымда- нулар электр жарақаттарына жатады. Табиғи апаттар, әсіресе техно- гендік апаттардың салдарынан орын алатын түрлі зақымданулардың ішінде электр жарақаттарының үлесі басым.
Электр тогы адам денесінен өткенде ағзада жалпы және жергілікті бұзушылықтар туғызады. Оның ауырлығы ең бастысы токтың күшіне, қысымына және әсер ету ұзақтығына, сонымен қатар түріне байланысты (ауыспалы немесе тұрақты). Электр тогы тіндерге жылу, химиялық және механикалық әсер етеді. Электр тогы теріден өту кезінде денеге кірген тұсы мен шыққан жерінде диаметрі бірнеше миллиметрден 3 см дейін жететін ортасы батыңқы, ал шеттері білікше тәріздес қалыңдау келетін «ток белгісін» қалдырады.
Найзағай соққан кезде оның денеге кірген тұсында электр тогының әсеріне ұқсайтын зақымдану белгісі пайда қалады.
Ток күші үлкен болған жағдайда электр энергиясы тіндердің қарсылық күшінен өтіп, жылу энергиясына айналу арқылы ұшқынданып, одан денеге аса терең зақым келетіндей, тіпті көп жағдайда сүйекке дейін жетіп, ток соғудың салдарынан семіп қалатын және тіндері өте баяу ажырайтын вольт доғасы типіндегі жалын пайда болуы мүмкін.
Терінің аз ғана ауданына зақым келгенімен, жұмсақ тіндердің көп бөлігі жансызданады.
Электр тогы адам денесінен өткенде биологиялық сезімталдықтың әртүрлі болуына байланысты оның органдары мен тіндерінде туындайтын өзгерістер де біркелкі болмайды. Қан, лимфа, ми жұлын сұйығы және бұлшық еттер электр тогын жақсы өткізеді. Ал тері, сіңір және сүйек тінінің қарсылық күші едәуір басымырақ.
Электр жарақатының жалпы белгісі жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуы, (оның клиникалық белгісі есін шамалы уақытқа жоғалтудан комаға түсуге дейін), тіршілік белгісі байқалмай, жүректің соғуы мен тыныс алуының күрт төмендеуі («жалған өлім»).