Қоғам

КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛАДЫ

Қала аумағындағы санитарлық тазалықты, атқарылған жұмыстарды қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Бұл бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды.

— Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір рет жұмысшы топ жетекшісінің есебі тыңдалады. Жұмыстың бағасы Ұйымдастыру бөлімі тарапынан жүргізілетін кері тексеріс нәтижелерімен салыстыра отырып берілетінін ескертемін. Заң да, талап пен тәртіп те ортақ. Қала тазалығы мен мүлкіне зиян келтіру – қоғамға деген құрметсіздік деп білемін. Жұмыс барысында көзбояушылық пен немқұрайлыққа жол бергендердің жауапкершілігі қатаң сұралатынын назарларыңызға саламын, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.

Жыл басынан бері облыс орталығында ортақ пайдалану орындарда ластау (ӘҚБтК 434-2 бабы) дерегімен 5467 хаттама толтырылып, 87 млн. 845 мың теңге айыппұл салынған. Абаттандыру қағидатын бұзған ( ӘҚБтК 505-бабы) 1751 жағдай тіркеліп, 5 млн. 521 мың теңге айыппұл рәсімделген. Келісім-шарт арқылы қоқыс артып, аталған қоқысты белгіленбеген орынға тастаған 7 кәсіпкерге, 5 жеке жүк көлігі бар тұлғаларға қатысты Әкімшілік кодекстің 505 бабы және 434-2 бабымен шара көрілген.

Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала аумағында барлық салаға тазалық күндері белгіленіп, аптасына 2 рет тұрақты түрде сенбіліктер өтуде.

Нұрбол Әбдісаттарұлы:

— Аралау барысында, өкінішке орай, кей аймақтардағы тазалық жұмысының суретке түсіп есеп жолдаумен шектелгенінің куәсі болдым. Әрине, барлығы бірдей емес. Бұл міндетке асқан жауапкершілікпен қарайтын азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Тазалық шарасына есеп үшін емес, азаматтық жанашырлықпен атсалысайық, әріптестер. Қала тазалығына қарап осы қалада тұратын баршамызға баға берілетінін есімізден шығармайық, — дей келе, бөлім басшылары мен сектор жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бүгінге дейін көп қабатты үйлердің аулаларына қоқыс салатын 300 контейнер орнатылды, тұрғындардың сұранысына сәйкес контейнерлер жаңартылып отыр. Қажеттілігіне қарай,  І-ІІ мөлтек аудандарында қоқыс тасымалдау жиілігі артты.   Белгіленбеген орындарға қатты тұрмыстық қалдықтар жиі тасталатын орындар анықталып, 30 бейнебақылау камералары орнатылды. Заңсыз қоқыс алаңдары тазартылып, аймақтарды Полиция басқармасы өз бақылауына алды.

Мәжіліс қорытындысымен хаттама түзіліп, тапсырмалардың орындалуына мерзім мен жауаптылар бекітілді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close