Без рубрики

ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНА АТСАЛЫСТЫ

Биыл қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Аталған шараға спортшылардан бөлек, облыс өнерпаздары да атсалысты. Онда үздік қолөнер шеберлері өнімдерін ұсынып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар сахналады. Өңірдің туристік әлеуеті таныстырылады. Концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісте баяндалды. Өңір басшысы жоспарлы іс-шаралардан бөлек, ерекше форматта тың серпіліс керектігін айтты.

– Түркістанға бүгінде тек еліміздің ғана емес, әлемнің әр түкпірінен қызығушылық білдіруде. Сондықтан да бізге келуші азаматтар өңіріміздің рухани-мәдени өмірімен танысады. Ол үшін тек облыс орталығында ғана емес, әрбір аудан, қаланың өз бренді болуы тиіс. Рухани астанамыздың төріндегі барлық іс-шарадан ұлттық бояудың, төл өнердің бөлшегі алыстан байқалып тұрғаны жөн. Алдағы уақытта қалыпты іс-шаралар мазмұнына баса назар аударып, қайта қараңыздар, – деген облыс әкімі жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеді.

Бұдан бөлек, Түркістан өңірінде іс-шаралар легі жоспарға сай жалғасады. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев баяндама жасап, бірқатарына тоқталып өтті. Жыл сайын өткізілетін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваліне биыл өзгерістер енгізілген. Аудан, қала өнерпаздары былтырғыдай үш күн емес, екі күн бойы облыс орталығында өнер көрсетеді. Сондай-ақ, ауарайына байланысты арнайы бекітілген кестеге сәйкес екі кезеңде өткізіледі. Тамыз айының 14-інен бастап қалған аудан, қала өнерпаздары қыркүйек айының соңына дейін жалғастырады. Алғашқы күні «Этноауыл» кешенінде өнерпаздар салт-дәстүрлерден көріністер, қолөнершілер көрмесі, ұлттық нақыштағы қойылымдар қойып, ұлттық ойындардарды насихаттаса, келесі күні көпшілік назарына «Керуен сарай» аумағында гала-концерт ұсынылады.

Мерекелік іс-шаралардан бөлек, күз айларында отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» халықаралық конференциясы, республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы, сонымен қатар Республика күні қарсаңында дәстүрлі «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндерін орындаушылар байқауы өткізіледі.

Облыстық кітапханада барлық аудан, қалаларында оқырманды кітап оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемді кітап арқылы танимын», «Бір ел – бір кітап», «12 айда – 12 кітап», «Ақылдыммен ақылдымын», «Оқырман іздейміз»  жобаларының қорытындысы өткізу жоспарлануда. Қазан айында «Тілді оқытудағы өзекті мәселелер» республикалық әдістемелік семинар ұйымдастырылып, семинарға республикалық «Тіл қазына» орталығының мамандары мен осы саланың білікті сарапшылары шақырылады деп күтілуде.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Түркістан облысында қазіргі таңда жалпы 11 мәдениет нысаны салынып,  6-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 мәдени нысанның құрылысы мен 6 клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.

«Облыс бойынша 704 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның 681-і аудан-қала әкімдіктеріне, 23-і мәдениет басқармасына қарасты. Одан бөлек, биыл 7 айда үш кәсіби театрда 183 спектакль қойылды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде 150 концерт және мәдени шаралар өткізілді. Ал басқармаға қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесінде 137 бейнеролик, 38 әлеуметтік және деректі бейнефильм дайындалды. Сонымен қатар, облыста қызмет көрсететін 24 музейге  225 472  адам келген. Соңғы жеті айда облыс кітапханаларында оқырмандар саны 279 646-ға жетті. Өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Өнерлі өлке», «Voice of Turan» сынды мәдени іс-шаралар биыл да өз жалғасын таппақ. Жыл сайын дәстүрге айналған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биылғы жылы да сәтті басталды»-деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, қыркүйек айында Астана қаласында өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарына облыс атынан тек спортшылар ғана емес, мәдениет майталмандары да өз өнерлерін көрсететін болады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close