Қоғам

СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Түркістан облысының табиғаты сан алуан. Таулы аймақтары, өзен-көлі де, шөлі де бар. Бір сөзбен айтқанда, қысы-жазы туристер тынбай тамашалайтын орындар жетерлік. Одан бөлек, тарихи нысандар мен қасиетті орындар да көп мұнда. Әрине облысты еске алғанда алдымен Түркістан түседі есімізге. Соңғы алты жылда адам танымастай өзгерген шаһарға ағылатын адамдардың саны көп. Руһани шаһардың кереметіне қанық болған саяһатшылар әрі қарай қайда барады? Өңірде тұмса табиғатымен тарихы ұштасқан орындар көп. Мәселен Созақ ауданы.

Облыс орталығынан ауданға жету әсте қиын емес. Жақында жөндеуден өткен күре жол қиындық тудырмайды. Әсем табиғаты туристерді таңдай қақтыратын мекен Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарымен шекаралас.

Қаратау жоталары — керемет көріністерді тамашалауға болатын төбелердің бірегей композициясы. Мұнда әр шатқалда мөлдір сулы шағын өзен, бұлақ немесе сарқырама бар.

Қаратау жотасының орталық бөлігін алып жатқан Қаратау қорығы оның аумағында миллиондаған жылдар бұрын үлкен көл болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, бұл жерден бір кездері мекендеген бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің және өсімдіктердің қалдықтарын табуға болады. Ең танымал олжалардың бірі — юра дәуіріндегі ұшатын бауырымен жорғалаушы птерозаврдың түкті қанаты және барлық омыртқалы палеонтология оқулықтарындағы тасбақа қалдықтары.

Келіншектау

Созақ өңіріндегі тағы бір баруға тұрарлық жер — Келіншектау. Негізгі жартастың биіктігі теңіз деңгейінен 1729 метр. Келіншектау сілемінің шығыс бөлігі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырымға, батыс жотасы оңтүстіктен солтүстікке сегіз шақырымға созылып жатыр.

Келіншектау атауы қазақтың «келіншек» сөзінен шыққан, яғни «келін» деген мағынаны білдіреді. Тау туралы аңыздардың бірі бұл тау жотасының қалыңдықтың құрметіне аталғанын білдіреді. Бұл жерлерге жақын бір ауылда Айсұлу деген қыз тұрыпты. Әкесі оны қатты жақсы көріп, өмір бойы еркелетіп өтеді. Тұрмысқа берер уақыт жеткенде, әкесі ұлан-асыр той жасап, алтынмен апталған мол жасаумен шығарып салады. Бірақ, Айсұлуды ренжіткен нәрсе, дүйімм алтынның ішіндегі күмістен жасалған итке арналған тостаған болады. Ол әкесінен тостағанды алтынға айырбастауды талап етеді. Көңілі қалған әкесі оны шүкірлік етпегені үшін қарғап, өзінің де алтынға айналуын тілейді. Осыдан кейін Айсұлу мен жасау тиелген керуені тасқа айналып, үлкен Келіншектау жотасы пайда болады.

Тау жайлы аңыздардың ішінде бұл жерлерде айдаһарлар өмір сүргені туралы және таудың өзі үлкен тасқа айналған айдаһар екендігі айтылады. Ал дәлел ретінде үлкен қанатты бауырымен жорғалаушыларды бейнелейтін жартастағы суреттер. Кейбіреулер түнде ғана ұшатын, өте жақсы жасырынатын айдаһарлар әлі де Келіншектауда өмір сүреді деп есептейді екен.

2017 жылы Созақ ауданындағы Келіншектау етегінен Абай елдімекенінде жергілікті тұрғындар ХІІ ғасырға жататын екі тас мүсін тауып алған. Ескерткіштер Арпа өзенінің бойында орналасқан. Шығысқа қаратылған тастарда әйелдер мен ер адамдар бейнеленген. Жәдігерлер С.Қожанов атындағы облыстық мұражайда сақтаулы тұр.

Қаратау петроглифтері

Қаратау петроглифтері — қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі Қаратау шатқалдарының жартастарына қашалған бейнелер. Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, Қошқарата, Сүйіндіксай шатқалдарында, Ақсу-Жабағылы қорығында көптеп кездеседі. Барлығы 3045 композиция мен жеке бейнелер табылды. Бір ғана Арпаөзен шатқалында 2765 бейне бар.

Қаратау петроглифтері негізінен әртүрлі көлемдегі жартастар мен тастарға қашалған. Олар ежелгі дәуірдегі көшпелі тайпалардың шаруашылық өмірін, сондай-ақ, олардың діни наным-сенімдерін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін көрсетеді. Құстардың, жануарлардың бейнелері бар. Суреттердің тақырыбы алуан түрлі, белгілі бір мағынаны меңзейді. Мысалы, түйенің бейнесі байлық пен күшті білдіреді. Көптеген жартастарда тауешкіге иттермен аулауға шығу, құстарды ұстау көріністері бейнеленген. Қолдарында найза, сойыл ұстаған жауынгерлердің де бейнелері бар.

Қызылкөл

Қызылкөлді Созақ өңірінің інжу-маржаны деп атайды. Ол дала мен таулардың арасында орналасқан. Көлдің тұзды суы мен шипалы балшығы буын ауруларына мен басқа да ауруларға ем делінеді.

Қызылкөл жағасында бұрынырақ адамдар жиі демалып, дала мен таудың, тұщы судың күшінен қуат алатын демалыс орындары мен санаторийлер көп болатын. Бірақ 2000 жылдары су қоймасы баяу өле бастады. Бұл ішінара адамдардың әрекетіне, ішінара табиғи себептерге де байланысты. Бұл туралы ғалымдар әлі күнге бір шешімге келген жоқ. Демалыс орталықтары жабыла бастады, ал туристер арасында сұраныс төмендеді.

Жергілікті тұрғындардың әңгімесіне қарағанда, соңғы жылдары көл қайта жандана бастаған: құстар қайтып, жағалары жасылданып, сазан шабақтары шығарылды. Қызылкөл шымкенттіктер мен Жамбыл облысынан келетін туристер арасында ең танымал.

Қызылкөл Құмкент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай бес шақырым жерде орналасқан және Қаратаудың солтүстік етегіндегі ең батыстағы көл. Ал көлдің маңайында ұсақ тастардың арасында миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген ежелгі акула қалдықтары, тістері кездеседі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close