ТЫНЫС АЛУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ
ТОҚҚ негізгі тағай- ындалуы тыныс алу органдарын, көз бен бас терісін ауадағы барлық зиянды қоспалардан қорғау болып табылады.
Сүзгілеу ТОҚҚ-ға газтұтқырлар, респираторлар, қарапайым құрал- дар (таңғыштар, маскалар) жатады. Олармен қорғау принципі тыныс алатын ауаны сүзгілеу мен сіңіру арқылы (газтұтқырлар) немесе тек қана сүзгілеу арқылы (респираторлар) зиянды қоспалардан тазартуға негізделген. Сүзгілеу құралдары тыныс алатын ауаны оттегімен байытпайды, сондықтан оларды оттегінің қалыпты мөлшері бар атмосферада қолдануға болады.
Сүзгілеу газтұтқырлар (СГТ). СГТ типтерінің алуан түрлеріне қарамастан, олардың барлығының конструкциясы бірдей, оның құрамына екі негізгі қорғау элементтері кіреді: тікелей немесе қосқыш түтіктің көмегімен қосылуы мүмкін беткі бөлігі мен сүзгілеу-сіңіру жүйесі (ССЖ).
Беткі бөлігінің (маска, шлем-маска) қорғау қасиеттері сорап коэффициентімен бағаланады, ол маска астындағы кеңістікте сонда беткі бөлігінің басқа тығыз жабыспағандықтан өтетін зиянды қоспаның мөлшерін сипаттайды. Осы коэффициенттің шамасын төмендету үшін, беткі бөлігін әрі қарай қиыстырып келтіруді тексеріп, мұқият таңдау қажет. Сүзгілеу-сіңіру жүйесі (бұрын – газға қарсы қорапша) тыныс алатын ауаны зиянды қоспаның буларынан және аэрозольден тазартады. Аэрозольдер (түтін, тұман) талшықты сүзгішпен ұсталады, ал булар катализатор-көмірдің қабатымен (шихтамен) сіңіріледі. Зиянды қоспа ССЖ арқылы өткен кезде, ол бір уақытқа толығымен тоқтатылады. Дегенмен уақыт өте ССЖ-дан шығатын ауада қоспалардың іздері (тез өту) шығуы мүмкін, бұл СГТ қорғау мүмкіндіктерінің таусылуы туралы айтады. Оны қолдануды бастаудан заттың тез өтіп кеткен сәтіне дейін уақыт сағатпен, минутпен көрсетілетін газтұтқырдың қорғау қуаты деп аталады.
Халықты қорғау үшін қазіргі уақытта ең бұқаралық және сенімді ТОҚҚ болып табылатын ГП(ГП-5, ГП-7) типтік азаматтық газтұтқырлар мен олардың модификациялары арналған. Дегенмен бұл СГТ бір қатар АХҚЗ-дан (аммиактан жәнебасқ.) жәнекөміртектің монооксидінен (СО) қорғауды қамтамасыз етпейді. СГТ қорғау мүмкіндіктерін кеңейту үшін олар СГТ-1, СГТ-3 қосымша патрондармен немесе гопкалитті патронмен (ДП1 типтік) жинақталады. ДПГ-1, ДП-1 патрондардағы арнайы сіңіргіш – гопкалит, ол көміртек монооксиді ауаның оттегімен қышқыл көмір газға дейін тотыққан кездегі катализатор болып табылады:
Тыныс алу органдарын ең жаңа қорғау құралы – әмбебап қорғау патроны (ӘҚП), ол СГТ (ГП-5, ГП-7) беткі бөліктерімен қолданылады. Патрон АХҚЗ-дан, сол секілді көміртектің монооксидінен де қорғай- ды. ӘҚП-ның аммиактан қорғау әрекетінің уақыты 30 – 40 мин, хлор- дан – 30 – 50 мин, фосгеннен – 30 мин, көміртек монооксидінен – 120 – 300 мин құрайды.
ГП типтік газтұтқырлардан басқа халықтың кейбір санаттарын қорғау үшін ПДФ-Д газтұтқыры (балалардың сүзгілеу) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін; ПДФ-Ш – 17 жасқа дейін оқушылар үшін; балалардың қорғау камералары (БҚК) – бір жарым жасқа дейін балалар үшін қолданылады.
Халыққа әкімшіліктің өкімі бойынша тиісті беру бекеттерінде қажет болған жағдайда ГП-5 немесе ГП-7 сүзгілейтін газтұтқырлары беріледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ата-аналары тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған газтұтқырларды, емшектегі балалар үшін – БҚК камераларын алады. Оқушылар мен студенттер жеке қорғаныс құралдарды (ГП, АН, ИПП, таңу пакеті) оқу орны бой- ынша алады.
Газтұтқырдың өлшемін анықтау үшін, бас төбесі, жақ, иек арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеу қажет. Өлшемдерді 0,5 см дейін жинақталады.
Өлшеу сызығының ұзындығы 63 см дейін болған кезде, газтұтқырдың шлем-маскасының өлшемі нөлдік; 63,5-тен 65 см-ге дейін – бірін- ші; 65,5-тен 68 см дейін – екінші; 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші; 71 см-ден және одан жоғары – төртінші.
Респираторлар. Бұл зиянды газдардан, булардан және аэрозольдерден жеңілдетілген ТОҚҚ ауа қатты шаңдалған кезде қолданылады. Ауа 11-15 ПДК көп емес шамалы концентрацияда зиянды қоспалар- мен ластанған кезде қолданылады. СГТ қарағанда олар тек қана тыныс алу органдарын қорғайды, өйткені ауыз бен мұрынды жабатын жар- тылай маска болып келеді. Әдеттегідей, респираторлар өнеркәсіптік объектілердің, соның ішінде ХҚО персоналымен қолданылады. Олар- дың тағайындалуы жеткілікті мамандандырылған. Дегенмен халық радиоактивтік аэрозольдерден қорғау үшін «Лепесток», Р-2 және басқ. типтік кең тараған және қарапайым респираторларды қолдана алады.
Мақталы-дәке таңғыштар мен шаңға қарсы маталы маска (ауруханада қолданылатындар сияқты) – бұл ең қарапайым ТОҚҚ.
Таңғыш өлшемі 150 х 100 см дәке бөлігінен жасалады. Дәкеге қалындығы 2 см дейін бір қабат мақта салынады (ұзындығы 30 см, ені 20 см). Дәкені екі жағынан мақтаға бүктейді. Дәкенің ұштарын екі бау шығатындай кеседі.
Аммиактан қорғау үшін таңғышты сірке, тұз немесе лимон қышқылының 5% ерітіндісімен сулайды, ал хлордан қорғау үшін – 2% сода ерітіндісімен. Көзді қорғау үшін шаңға қарсы көзілдірікті, жүзуге арналған көзілдірікті және басқ. қолдануға болады.
Оқшаулайтын ТОҚҚ тынысалу органдарынауадағыконцентрациясы- на қарамастан кез келген зиянды қоспалардан қорғау үшін, сонымен қатар оттегінің жетіспеу жағдайында да қолданылады. Олардың қорғау әсерінің принципі тыныс алу органдарын сыртқы ауадан толық оқшаулауға және тыныс алатын ауаны көміртек диоксидінен (СО2) қоршаған ортамен алма- сусыз оны оттегімен бір уақытта байытумен тазартуға негізделген.
Оқшаулайтын ТОҚҚ ретінде құрамында оттегі бар заттардың көмегімен тыныс алатын ауада оттегінің мөлшерін қалпына келтіру есебінен ағзаны тыныс алу қоспасымен қамтамасыз ететін автономдық тыныс алу жүйесі болып келетін оқшаулайтын тыныс алу аппараттарын (ОТА) қол- данады. Мұндай ОТА оқшаулайтын газтұтқырлардың тобы: ИП-4, ИП-5 және олардың модификациялары жатады.
Оқшаулайтын газтұтқырларды СГТ қолдану мүмкін емес болған кезде, нақты айтқанда, АХҚЗ-ның концентрациясы өте жоғары болған кезде қолданады (аварияның ошағы ауданында және оған жақын жер- де). Оның қорғау әрекетінің уақыты физикалық жүктеуге байланысты 50 минуттан (ауыр жүктеу) 3 сағатқа дейін (жеңіл) құрайды.