Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жекелеген мүшелердің зақымдануы жарақат механизміне байланысты. Мәселен, ішке қатты соққы жасалғанда немесе ішпен құлағанда көбінесе бауыр, көкбауыр зақымданады, аш ішек жарақаты сирек кез- деседі. Ішті қатты басудан (денені қозғалмайтын затпен жаншу, қысу немесе ауыр заттардың астында қалғанда) аш ішек, қуық, асқазан, тоқ ішек жарылып кетуі мүмкін. Биік жерден құлағанда инерциялық зақым келеді, яғни бауыр және көкбауырдың жарылуы, аш ішек пен тоқ ішектің шажырқайдан үзіліп кетуі кездеседі.

Медициналық көмек көрсетілгенге дейін жабық іш жарақатын алған адамға бастапқы дәрігерлік тексеріс жүргізіледі. Оның мақсаты жарақаттың сипатын анықтау және емдеу мекемесіне жеткізу жолын қарастыру.

Мұндай тексеру оқиға орнында, яғни жарақат алған жерде жүргізіледі. Зардап шеккен адамның сырттай қарағанда жағдайы қанағаттанарлық болғанымен, бастапқы дәрігерлік тексерістен өтуден бас тартуға болмайды. Бастапқы тексеріс жүргізу үшін оны арқасымен жатқызып, жоғарғы жағына киімдерді қойып, басын биіктетеді.

Ең маңызды сұрақ қойылған соң (шағымдар, қалай жарақаттанғаны туралы) бетінің терісі мен ернінің шырышты бөлігі тексеріледі. Тамыр соғысының жиілігіне көңіл аударылады. Одан кейін ішін қарайды, егер мүмкіндік болса киімін көкірек бөлігінен санының жоғарғы тұсына дейін ашып тексерген жөн.Тыныс алу қозғалыстары кезінде ішінің көтеріліп, басылу қимылына назар аударылады. Ішкі органдар зақымданса немесе алдыңғы құрсақ қабырғасы қатты соғылған жағдайда тыныс алу барысында ішінің қозғалысы шектеулі немесе мүлдембайқалмайды.

Ішті ақырын басып көру арқылы ауыру аймағы мен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық етінің қаттылығы (кернеулілігі) анықталады. Соңғысы құрсақішілік зақымданулардың белгісі болып табылады. Ішперденің зақымдану нышандары да ескеріледі. Дәрігерлік тексеру жүргізуші адам абайлап және баяу түрде ішін қолымен басады да, сәл- ден соң қолын бірден ала қалады. Қолын түсірген кезде зардап шеккен адамда ауырсыну сезімі пайда болады.

Пальпация кезінде анықталған ауырсыну сезімі, іш бұлшық етінің қатайып тұруы, ішперденің тітіркенуі сияқты симптомдар барлық жағдайда ішкі жарақаттардың көрінісі болып табылады. Көп жағдайда олар қансырау, жарақаттық шок, интоксикация сияқты ағзадағы түрлі өзгерістердің салдарынан болады. Жалпы және жергілікті жарақаттардың барлығына көз жеткізіп, тексеру құрсақішілік органдардың зақымда- нуын нақты болжауға мүмкіндік береді.

Бауыр мен көкбауыр зақымданғанда, шажырқай жыртылғанда ішке қан кетудің келесі белгілері көрініс береді: адамның тартына қимылдауы, тері мен шырышты қабықтың бозаруы, тамырдың жиі соғуы. Тыныс алу кезіндегі іштің шектеулі қозғалысы, пальпация жасағанда шамалы ауырсыну сезімі байқалады, құрсақ қабырғасы қатаяды және ішперденің тітіркену белгілері анық байқалмайды.

Қуыс органдардың зақымдануы іштің ауыруы үдей түсетін, адамның бет әлпеті өзгеріп, тілдің құрғауы, шөлдеу, тамыр соғуының жиіле- уі сияқты клиникалық белгілер тән болып табылатын перитониттің тез басталуына әкеп соғады. Тыныс алу кезінде іш қозғалысқа түспейді және ол ішке қарай тартылып тұрады, құрсақ қабырғасы кернеулі, пальпация кезінде біршама ауырсынады, ішперденің тітіркену симптомдары да анық байқалады.

Жабық іш жарақатын алғандардың барлығы жағдайының ауырлығына қарамастан, міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы керек. Алдыңғы құрсақ қабырғасы соғылғандар да дәрігерлік тексеру жүргізу үшін ауруханаға жіберіледі.

Жоғарыда аталған іш жарақатының ерекшеліктеріне байланысты дәрігерлік көмекке дейін қандай да бір шаралар жасау еш нәтиже бермейді. Өйткені мұның барлығы жарақаттың негізгі факторының әсерін, атап айтқанда, ішкі қан кетуі мен перитониттің өршуін тоқтатуға қауқарсыз. Сондықтан, зардап шегушінің жағдайын жақсартуға бағытталған нәтижесіз шараларға уақыт жоғалтай, ауруханаға шұғыл түрде жеткізу керек.

Іш жарақатының клиникалық белгілерінің өзгеруіне алып келетіндіктен және стационарда дұрыс диагноз қоюға кері әсерін тигізу мүмкіндігін ескеріп, зардап шеккен адамға әсері күшті ауыруды басуға арналған дәрі-дәрмек беруге болмайды. Тасымалдау кезінде зардап шеккен адамның ішіне мұз салынған зат немесе ішіне суық су құйылған жылытқы басу керек. Салыстырмалы түрде жағдайы қанағаттанарлық болса да, зардап шегушіні жатқызған күйде емдеу мекемесіне жеткізеді. Іш терісінің тұтастығы бұзылған кез-келген зақымдану іш жарақатына жатады.

Жарақат салынған заттың түрі мен жараның сипатына қарай мұндай жарақаттар түйрелген, кесілген, түйреліп-кесілген және оқ тигеннен болған деп өзара жіктеледі.

Іш жарақатын жіктеуде құрсақ қуысы ойылған және ойылмаған деп қарастырудың маңызы жоғары. Оның алғашқысына қабырғалық ішастар зақымдалған жарақаттар, ал екіншісіне оның тұтастығы бұзыл- маған жаралар кіреді.

Ойылмаған жарақаттарда құрсақ қабырғасының тіні – терісі, теріа- сты шелі, бұлшық ет ғана зақымданады. Мұндай жарақаттарды емдеу нәтижесі әдетте ойдағыдай болады.

Іштің ойылған жарақаты көбінесе ішкі органдардың зақымдануымен қатар жүреді. Аш ішек, бауыр, шажырқайдың зақымдануы жиі кезде- седі. Жарақат іштің төменгі бөлігінде болса қуыққа да зиян тиюі мүм- кін. Бірнеше мүшенің қатар зақымдану жағдайлары да сирек құбылыс емес. Мұны ауыр жарақат деп те атайды және оның өту барысы біршама қиын болады.

Іш жарақатының жоғарыда аталған ерекшеліктеріне қарап дәрігерлік көмекке дейінгі негізгі ережелер бекітілген: жарақаттың ойылғанына неғұрлым тез көз жеткізу және зардап шеккен адамға уақыт жоғалтпай хирургиялық ота жасау үшін жылдамырақ стационарлық мекемеге жеткізілсе, жарақаттан болатын ауыр асқынудың алды алынады және емдеу шаралары оң нәтиже береді.

Жарақаттың ойылған екендігіне бастапқы дәрігерлік тексеру кезінде-ақкөз жеткізуге болады. Ойықжараның негізгі көрінісі- зақымданған тұстан ішек бөліктері немесе шарбы майының бір бөлігі, асқазан не болмаса ішектердің ішіндегінің сыртқа ағуы. Ойық жарақатты білдіретін жанама симптомдарға іштің тартылу, оның тыныс алу кезінде қозғалысқа түспеуі, пальпация кезіндегі ауырсыну, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық етінің қатаюы, ішперденің тітіркенуі сияқты перитониттің жергілікті белгілері жатады. Ойық жарақатта әдетте ішке қанкету белгілері (терінің бозаруы, тамырдың жиі соғуы) және интоксикацияның өршіп бара жатқандығы (шөлдеу, тілдің құрғауы) байқалады.

Іш жарақатының кез-келген түрінде зардап шеккен адамға қауіпсізді- гін қамтамасыз ету және шұғыл хирургиялық ота жасау үшін тез арада стационарлық емдеу мекемесіне жеткізу түрінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.

Ең алдымен жарақаттың бетін бірнеше қабатталған дәке немесе мақтамен тұтастай көмкеріп тұратындай етіп, асептикалық таңғышпен жабады. Жараның беті жабылған таңғыш материал (мақта-дәке таңғышы) іштің ауданын толық қамтитындай қылып жалпақ бинтпен бекітеді.

Ойылған жерден ішектің бөлігі шығып тұратын болса, таңғыш салғанда оның одан әрі зақымдалмауын және қозғалмауын ескеру керек. Ол үшін сыртқа шығып тұрған ішек екі ұшы шиыршықталып қатты байланған үлкен дәке салфеткаға салынады. Соның нәтижесінде шығып кеткен ішек таңғышпен қысылмай және құрсақ қабырғасының терісіне тиетіндіктен орнынан қозғалмай, дәке сақинасының (шығыр нан») ішінде тұрады. Оның үстін ішектің сырты құрғап кетпеуі және таңғыш оңай шешілуі үшін жұқа етіп вазелин майы жағылған стерильді салфеткамен жауып қояды. Одан әрі бірнеше көлемі үлкен дәкеден жасалған салфетка, қалың қылып мақта төсеп, ең соңында ішті айналдыра байлап таңғышты бекітеді.

Таңғыш салысымен зардап шеккен адамды хирургиялық көмек көрсету үшін стационарлық мекемеге дереу жеткізеді. Ойық жараның белгілері анық көрініп тұрған болса және зардап шеккен адамның ауырсыну сезімін басу үшін тасымалдау кезінде оған дәрі салады. Ескеретін бір жәйт, бұл кезде қандайда бір дәрі немесе сұйықтықты ауызына құюға тыйым салынады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close