Қоғам

ЖАНУАРЛАР УЫМЕН УЛАНҒАНДАҒЫ КӨМЕК

Симптоматикалық терапия. Жыландардың шағуы кезінде сарысу егуден басқа бейтәндік емдеулер барлық жағдайларда қолданылады және уланудың дамып келе жатқан белгілерін жойып, олардың көрінісін азайтады. Ықтимал ауырпалықтардың туындауына (анафилактикалық шок дамуының қаупі) байланысты сарысу енгізу мақсатты болмағандықтан бейтәндік емдеу түрлері ерекше маңыздылыққа ие болады, мы- салы сұржыландардың улымен жеңіл улану.

Бейтәндік емдеу ережелерінің мағынасы аса маңызды, себебі оны қолдану нәтижесінде жиі жағдайларда нақты удың өзіне қарағанда адам өліміне әкелуі мүмкін аса ауыртпалықтар тудырып, әдебиеттермен қате және зиянды емдеу әдістері ұзақ мерзім ұсынылып және практикада жүргізілген.

Жылан уынан зақым алғандарды емдеудің соңғы нәтижесі және олардың сауығуы көбіне алғашқы көмектің дұрыс және уақытылы көр- сетілуіне байланысты. Жылан улары адам оргнизіміне күшті әсер етеді, басынан бастап науқасты зақымдайтын және у әсерін ұлғайтатын шаралардан аулақ болу керек. Аялауыш терапия ғана жүргізу қажет.

Мидағы қан айналымының бұзылуын төмендету үшін зардап шегушінің басын дене деңгейінен төмен түсіру түсіру қажет. Кейіннен шағу орнын сору мүмкін болса, 10-15 мин. жарадан уды жігерлі түрде ауызбен сору немесе қансорғызу банкаларының көмегімен сорып тастау қажет. Егер шағудан кейін бірден у сору басталса, енгізілген удың 30 – 40% алып тастауға болады. 15 мин. кешіктірілсе жойылған у мөлшері 10 – 12% төмендейді.

Сору дұрыс жасалса зақымдалу ауыртпалығы төмендейді. Қолды шағу орын алса зардап шегушінің өзі сорып тастауы мүмкін. У зақымдалмаған шырышты қабаттан өтпесе де, сорған сұйықтықты түкіріп тастау қажет, себебі ауыз қуысының микрозақымдарына сенуге болмайды.

Ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануы несеме тістің тісжегілері бар адамдарға уды ауызбен соруға тиым салынған. Уды алғаннан кейін ауызды калий марганец қышқылының ерітіндісімен немесе таза сумен шаю қажет. Сорғызу барысында шағылған жерді бас және сұқ саусақпен жараға бағыттай отырып жеңіл уқалау жасау қажет. Ісінудің алғашқы белгілері пайда болса сору бірден тоқтатылады, шағу орны антисептикпен өңделіп, қатты стирильді таңғыш салынады. У организмге лимфа тамырлары бойынша тарап, бұлшықет қозғалысы барында күшейе түседі. Оның өмірлік маңызы бар орталықтарға түсуін төмендету және организмнің қорғаныс механизмдерінің іске қосуы үшін зақымдалған дене бөлігін оқшаулау қажет.

Оның жүзеге асырылу әдістемесі сынық кезіндегідей: қол бүктелген қалыпта ілінеді, аяқ шиналармен бекітіледі, болмаған жағдайда сау аяққа дәкемен таңылады.

Зақым алған адамға толық тыныштық қамтамасыз етіледі. Көп сұйықтық (қою ыстық шай) және жүрек жұмысын қолдауыш препаратар беріледі. Зардап шеккен адам жатқызылған қалыпта тасымалданады.

Көптеген адамдарда жылан шағуы психиканың бұзулыну туындатады. Қорқыныш организмнің көптеген маңызды қызметтерінің психогенді бұзылушылықтарына әкеледі және естен танғызады. Сондықтан да шағудан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шегушіні жұбатып, емдеу уақытында тұрақты түрде психотерапиялық көңіл бөлу қажет.

Ерте кездерде ұсынылған көмек көрсету әдістері қолдану зардап шегушіге үлкен зиян келтіруі мүмкін.

Шағу орнына жоғарырақ жерге бұрау салу, «уды қанмен бірге шығару» мақсатында шағу орнындағы теріні кесу, қан шығару, шағу орын- дарындағы тіндерді кесіп алу, калий марганец қышқылын енгізу, шағу орнын қысу – бұл қауіпті ауыртпалыққа апаратын қате және зиянды «емдеу» әдістері, олар улануды емдеуден де ауыр өтеді.

Балықтар

Оңтүстік-шығыс теңіздерде инеқұрсақты балықтар мекендейді, оларды пассивтіулыларға жатқызады. Олар адам өмірі үшін үлкен қауіп тудырады. Көптеген жағдайларда ит балық тектестерді тамаққа пайдалану барысында жіті уланулар туындауы мүмкін. Көптеген итбалық түрлерінің бауырында, уызында, ішектері мен құрсағында аса ауыр жануарлар уы – тетродотоксин бар. Бұл улармен уланудың 60% өлімге әкеледі. Ол өзінің токсин қабілеттерін жоғалт- пастан, 4 сағат қайнауы мүмкін. 15-20 минуттан кейін өлу үшін адамға бұл балықтың (30г) бір түйір бауырын жеу жеткілікті. Дегенмен, кейбір шығыс елдерінде бұл балықты тамаққа пайдаланады.

Мысалы Жапонияда итбалық «фугу» атымен деликатес ас ретінде тамаққа пайдаланылады.

Екінші улы теңіз жануарларын тамаққа пайдалану барысында туындаған жәнегастроэнте¬роневрологиялық белгілерімен өтетін интоксикация сигуатера типті улану атауымен аталады, бұл 1787 жылыгаванада көптеген адамдар тобын улаған «sigua» моллюскісінің жергілікті аты.

Қазіргі кезде осы типті уланулар, өз организімінде у өндіруге қа- білеті жоқ, кәдімгі жеуге жарамды балықтардың 300 астам түрін тамаққа пайдалану барысында тіркелген. Олардың көпшілігі азық қатынасында аса құнды болып саналады және деликатесті балық тағамдары ретінде қызмет етеді.

Кариб теңіздерінде, Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлік- терінде, Оңтүстік-Шығыс Азия және Индонезия жағалауларында мекендейтін теңіз рифтерін және жағалау балықтарын (риф алабұғасы, барракуд және т.б.) тамаққа пайдалану барысында уланулар туындай- ды.

Бұл түрлерден туындайтын токсиндер түрлі балдырлар құрамында бар. Улар тамақ тізбектері бойынша балық организіміне түсіп, негізі- нен бауырда, жыныс мүшелерінде және ішек-қарындарында жиналады. Көп жағдайларда балық еттері токсинді емес. Улы балдырлардың көбе- юі табиғи себептерден туындаған (қатты жауын-шашын, су тасқыны, ірі теңіз сүтқоректілерінің өлуі және т.б.) экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы немесе адам қызметі (су асты жұмыстары, әсіресі жарылыс, мұхитқа қоқыс таста және т.т.).

Мұхит ластануының ұлғаюына байланысты жеуге жарамды балықтармен улану (кей аудандарда) жағдайлары өсуде.

Өндіріс қалдықтары құрамындағы токсинді қосындылар, сол жерде мекендейтін балықтарды тамаққа пайдаланатын адамдардың созылмалы улануының алғашқы себептері болуы мүмкін.

Клиникалық картинасы. Балықтар токсиндерімен уланудың бел- гілері әртүрлі. Көптеген кезде асқорыту және жүйке жүйесі органдары қызметінің бұзылуы көрініс алады.

Сигуатер түрлі улану ауыртпалықтары әр түрлі болуы мүмкін. Асқорыту органдары қызметінің бұзылуы басым, ауыр жағдайларда – жүйке жүйесі.

Улы балықты тамаққа қолдағаннан кейін бірден немесе бірнеше сағаттан кейін ерін, тіл, тамақ қасы қыши бастайды, кейіннен жансызданады. Жүрек айнуы, ауыздағы метал дәмі, құсу, іш ауруы, іш өтуі көрініс алады. Зардап шегушілер бас ауруына, жалпы әлсіздікке, терінің қатты қышуына, бұлшықет пен буындардың ауруына шағымданады.

Ауыр жағдайларда қатты бұлшықет әлсіздігі, қалшылдау дамиды, көру қасиеті бұзылады: заттардың бұлыңғырлануы, уақытша соқыр- лық, жарықтан қорқу, көз алдында қара дақтар көрінуі.

Тері сезімталдығы бұзылады: ыстық суық ретінде және суық ыстық ретінде қабылданады. Қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, параличтер, буындардың тартылуы байқалады. Өлім орын алуы мүмкін.

Сауығу барысы өте баяу (кей уақытта бірнеше айлар). Жіті улану барысындағы өлім 7% шамасында.

Жедел көмек. Арнайы у қайтарғыштар жоқ.

Симптоматикалық терапия. Жылдам және жігерлі өткізілуі тиіс. Алдын ала асқазанды зонд арқылы немесе құсық келтіру арқылы жуып тазалау қажет. Асқазанды тазалау үшін калий перманганаты (1:5000) ерітіндісі, 0,5% танин ерітіндісі, белсендірілген көмір немесе магний тотығының (20 – 30г) су езбесі пайдаланылады.

Асқазан тазаланғаннан кейін тұзді іш өткізгіш беріледі. Адсорбиялайтын және нәрлендіретін құралдар: белсендірілген көмір (қайталап 10-5г., әр порциясы сумен жұтылады), тығыздалған жұмыртқа ақуызы, сүт

Ауыз бен мұрын қуысынан ағыл-тегіл шырыш бөлінсе сұйықтықты сорғызу немесе зардап шеккен адамның басын бір жағына қарату ке- рек. Ларингоспазм жағдайында интубация немесе тра-хеостомия жасалады. Тыныс бұзылуымен күресу үшін кислород белгіленеді, өкпені жа- санды желдету қолданылады, кофеин (тері астына 2 – 5мл 10% ертін- ді), кордиамин (тері астына 3мл), этимизол (тері астына 4 – 5мл 1,5% ерітінді), цититон (көктамырға 1мл) беріледі.

Дезинтоксикациялық терапия. Дәрумендермен ірге (көктамырға 20 – 50мл 40%глюкоза ерітіндісі 0,5г аскорби¬н қышқылымен), на- трийгипосульфиті (көктамырға 5 – 50мл 30% ерітінді). Ретинол (бұл- шықетке майдағы ретинол аце¬татты тәулігіне 25 – 100 мың. МЕ), кальцийглюконаты (көктамырға немесе бұлшықетке баяулап 5 – 10мл 10% ерітінді).

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close