Без рубрики
АРМАН ИСАҒАЛИЕВ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛДЫ
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Арман Исағалиев бұл қызметке тағайындалғанға дейін, 2020 жылдан бері Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
Жаңа лауазымда ол еліміздің сыртқы саясатын жүзеге асыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және дипломатиялық бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге жауапты болады.



