РОНАЛДУ КИНО ӘЛЕМІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду спорттағы мансабымен қатар кино индустриясында да жаңа жобаны қолға алды. Ол енді продюсер ғана емес, актер ретінде де өзін сынап көрмек.

Мәліметке сәйкес, Роналду британдық «Day 1s» сериалында рөл сомдайды. Жоба оның ұзақ жылғы әріптесі, «Kingsman» фильмдері арқылы танылған режиссер Мэттью Вонмен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Екеуі сериалды түсіретін студияны бірге басқарады, ал режиссерлік міндетті Мэттью Вонның өзі атқарады.
Режиссер жаңа жобаға қатысты пікірінде Роналдудың өмір жолы мен жетістіктері көрерменге шабыт сыйлайтынын атап өтті.
«Криштиану алаңда мен ешқашан жаза алмайтын тарихтарды жасады. Енді онымен бірге шабыттандыратын фильмдер түсіруді асыға күтемін», – деді Мэттью Вон.
Сондай-ақ Криштиану Роналду бұдан былай әлем чемпионаттарына қатыспайтынын мәлімдеп, футболдағы мансабының жаңа кезеңіне аяқ басқанын аңғартты. Енді ол спортпен қатар кино саласындағы жобаларға да басымдық бермек.



