Без рубрики
МАҢҒЫСТАУДА ЕРЕКШЕ ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС БАЙҚАЛДЫ
Маңғыстау облысында ерекше табиғи құбылыс тіркелді. Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында шаңды құйын байқалып, оқиға куәгерлердің камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғи құбылыс салдарынан зардап шеккендер мен қираулар тіркелмеген. Сондай-ақ «112» жедел қызметіне бұл жағдай бойынша ешқандай хабарлама түспеген.
Мамандардың айтуынша, шаңды құйындар көбіне күн қатты ысып, жер беті қызған кезде пайда болады. Мұндай құбылыс ауа ағындарының күрт өзгеруі нәтижесінде қалыптасады.



