Без рубрики

КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ МҰНАЙ ҚАБЫЛДАУДЫ ҚАЙТА БАСТАДЫ

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай қабылдау мен оны экспортқа жөнелту жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, консорциум жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы экспортқа жөнелтуді қайта іске қосқан.

Министрлік терминалдың қауіпсіздік талаптарына толық сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оның жұмысына рұқсат берілгенін атап өтті. Қазіргі таңда ведомство жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қазақстандық мұнайдың үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 20 шілдеге қараған түні Қара теңіздегі КҚК теңіз терминалында мұнай тиеп тұрған Nelsa танкеріне дрон шабуыл жасаған болатын. Салдарынан кеменің бірнеше бөлігінде өрт шыққан.

Оқиға кезінде экипаждың 22 мүшесі эвакуацияланды. Ал кеме капитаны мен бірінші көмекшісі өртті бақылауда ұстау үшін бортта қалған. Өрт бірнеше сағаттан кейін толық сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close