МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ-2
Статистика көрсеткендей, театрлардағы өрттердің көбі сахнада өтеді.
Сахнада өрттердің тез дамуына 20 мың м3 сахна көлемі, көп мөлшерде жанғыш материалдардың және қуатты конвективті ағындардың түзілуі әсер етеді. Егер өрт сахнада пайда болса, портальді ойық өртке қарсы пердемен жабылса және түтін люктері жабық болса, онда от 5-10 мин уақыт аралығында сахнаның толық көлемін қамтиды (сур. 3 .»А»). Бұл жағдайларда от аспалы декорациялардан колосниктерге және сахна жабындысына тез тарайды, көрермен залының шатырында да таралуы мүмкін. Сахна планшетінде оттың сызықты таралу жылдамдығы 3, ал декорациялар беті бойынша 6 м/мин жетеді. Сахна көлемінде жану өнімдерінің қысымы түзіледі: 40-60 кг/м2 және одан да жоғары. Сахнадағы өрттер кезінде ағаш конструкциялардың және декорациялардың жану жылдамдығы 80 кг/м2сағ құрайды, ал жану аймағындағы температура 1100-1200°С дейін жетеді. Бұл жағдайларда металл конструкциялар тез қызады және өрттің басталуынан 25-30 мин кейін сахна жабындысы бұзылуы мүмкін. Портальді ойық жабық және түтін люктері ашық немесе сахна үстіндегі жабынды бұзылған кезде (сур. 3 «б») сахна көлемінде ауаның сорылуы өтеді, ол газ алмасу бағытын өзгертеді және қарқынды жануға әсер етеді. Бұл жағдайларда көрермен залына от пен түтіннің таралу қауіптілігі төмендейді. Егер өрт сахнада пайда болса, портальді ойық ашық және түтін люктері жабық болғанда (сур. 3 «в»), онда көрермен залына от пен түтіннің таралу қауіптілігі пайда болады. Практика көрсеткендей, бұл жағдайларда көрермен залы 1-2 мин ішінде түтінге толады. Синтетикалық заттар мен материалдардан жасалған декорациялар және бутафорийлер жанған кезде, жану өнімдерінің құрамында улағыш заттар көп мөлшерде болады. Егер көрермендер залында адамдар болса, онда қарқынды жану басталғаннан 3 мин кейін адамдар өміріне қауіп төнеді. Жану өнімдерінің конвективті ағындары және от көрермен залына тез таралады және шатыр жабындысы мен шатырға орын ауыстырады.
Егер сахнада түтін люктері ашық кезінде өрт пайда болса, онда жану өнімдері көрермендер залына тек бөлшектеп кіреді, ал олардың негізгі бөлігі түтін люктері арқылы (сур. 3 «г»). Бұл жағдайда көрермен залының төменгі бөлігі және сахна сирету астында болады, көрермен залына оттың таралу қауіптілігі төмендейді, ал ауа ағындары сахнаға баратын есіктерді тығыз жабады.
Трюмдерде өрттер пайда болған кезде от жанғыш материалдар конструкциялары бойынша қарқынды таралады, есіктер ойықтары арқылы сахна планшетіне, оркестрлік шұңқырға және жарықтандырумен басқару пультіне, содан кейін көрермен залына өтуі мүмкін. Трюмдердегі өрттердің дамуы жер төрелердегі өрттердің дамуына сәйкес.
Егер өрт көрермендер залында пайда болса, онда от жанғыш материалдар конструкциялары және жиһаздар бойымен тез тарайды, шатырға және аспалы беттікке оттың таралу қауіптілігі құрылады. Көрермен залындағы оттың сызықты таралу жылдамдығы 0,8-1,5 м/мин құрайды. Оттың тез таралуына желдету, ауалы жылыту және ауаны тазарту жүйелері әсер етеді. Порталді ойық ашық болған кезде өрттің дамуы бойынша от көрермен залынан сахнаға қарқынды таралады, сол сияқты ашық есітер арқылы басқа қос бөлмелерге өтуі мүмкін (сур. 8.12, «а»). Порталді ойық жабық болған кезде от жабындыға қарқынды тарайды. Өрт жағдайында металл конструкциялардың деформациялануы және аспалы беттік бұзылуы мүмкін. От еден астындағы кеңістіктер арқылы таралуы мүмкін. Бұл көрермен залының қарқынды түтіндеуіне және оттың желдету каналдары арқылы тез таралуына әкеледі (сур. 4 «а»,»б»). Мәдени-сауықтыру мекемелерінде өрттерді сөндіру құтқару жұмыстарын өткізу қажеттілігімен байланысты. Статистика көрсеткендей, театрлардағы өрттердің көбі көрсетулер, көрермендер болған кезде өткен және де өрттердің бір қатары адамдардың мерт болуымен. Мәдени-сауықтыру мекемелеріндегі өрттер кезінде адамдар жану өнімдерінің улағыш әсерінен, жоғары температурадан, оттегінің жетіспеуінен, сол сияқты үрей нәтижесінде мерт болуы мүмкін.