Без рубрики
«ОҢАЙ АҚШАНЫҢ» ЗАРДАБЫ: ЖАСТАР ЕСІРТКІ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Telegram арқылы «оңай ақша» таппақ болған 19 жастағы екі студент есірткі таратқаны үшін сотталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, жастар мефедронды заңсыз таратуға қатысқан. Оларды ұстау кезінде аса ірі мөлшердегі 5,87 грамм мефедрон тәркіленген.
Сот үкімімен студенттердің бірі 7 жылға, екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура жастарға интернеттегі күмәнді жұмыс пен «оңай табыс» туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады. Құқық қорғау органдары есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және өткізу үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз есірткі айналымына тарту әрекеттері жастар арасында жиі кездеседі. Сондықтан күмәнді ұсыныстарға келіспей, заңға қайшы әрекетке жол бермеу маңызды.



