Без рубрики

ҮКІМЕТ DIGITAL QAZAQSTAN СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоспардың негізгі бағыттарының бірі – жасанды интеллектіні білім беру жүйесінің барлық деңгейіне кеңінен енгізу. AI-SANA бағдарламасын дамыту аясында 2029 жылға қарай мектеп, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілердің кемінде 80 пайызы жасанды интеллектіні қолданудың базалық дағдыларын меңгеруі тиіс.

Цифрландыру денсаулық сақтау саласын да қамтиды. Бұл бағытта деректерді басқарудың бірыңғай жүйесіне көшу және азаматтардың медициналық қызметтерді алу үшін міндетті түрде медициналық ұйымға баруын қажет етпейтін цифрлық сервистерді кеңінен енгізу көзделіп отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үдерісін жеделдету жоспарланған. 2029 жылға қарай оларды ұсынуға кететін уақыт кемінде 50 пайызға қысқаруы тиіс.

Жалпы, жаңа іс-қимыл жоспары цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау салаларына кеңінен енгізуге, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close