Без рубрики
ТАЛДЫҚОРҒАН ЖАҒАЖАЙЫНАН ЕР АДАМНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ
Талдықорған қаласындағы жағажай аумағынан ер адамның мәйіті табылды.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
Қазіргі уақытта ер адамның өліміне қатысты сараптамалар тағайындалып, тиісті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.



