Без рубрики
ҰҚК АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ 14 АЗАМАТЫН ҰСТАДЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті телекоммуникациялық жүйелер арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ұсталғандар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет етіп, байланыс құралдарын пайдалану арқылы заңсыз схемаларға қатысқан.
Қазіргі уақытта күдіктілер қажетті процестік шараларды жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдағы уақытта оларды депортациялау мәселесі қарастырылады.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің нақты әрекеттері мен қылмыстық топтағы рөлі анықталуда.



