Білім

АРДАГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай "Тарихты елдің азаматтары жасайды". Бес жылға созылған Ұлы Отан соғысы тарих қойнауына енді. Ел мен жерін қорғап, ерлік көрсеткен айбынды азаматтар ел есінде ұзаққа сақтала бермек.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектепте «9-мамыр — Ұлы Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында кітапханашысы А.Қамбарова және мектеп тәлімгері К.Серсакаеваның ұйымдастыруымен «Соғыс ардагері» тақырыбында еске алу сағаты өтті.

Оқушылар бұл шара барысында батыр аталарының ерлікке толы өмірлерімен танысты. Ұстаздар тыныштық пен бейбітшіліктің қадіріне жетіп, шәкірттерін өнер, білім үйренуге үндеді. Әйгілі қолбасшы, халық батыры Бауыржан Момышұлының кітаптарынан үзінділер оқылды.

«Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауыңа найзаң тисін»  дейді даналар. Қазіргі алмағайып заманда ел-жұртыңа өнеріңмен, ғылым-біліміңмен, қажырлы еңбегіңмен де орасан зор пайдаңды тигізуіңе болады. Өскелең ұрпақ осыны түсінсе игі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close