Білім
Кітап — білім-ғылымның көзі
Ордабасы ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Кітап — білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы» атты онкүндік өткізілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық кітап күніне арналған он күндік іс шараның екінші күнінде 9 сынып оқушыларымен мектеп кітапханашылары Есқараева Ж, Жұманбай Г ұйымдастырумен «Менің сүйікті кітабым » атты тақырыбында оқырмандар конференциясы болды.
Құрманалина С, Орынхан А, Қабылбай Ж, Нұрланқызы А, Жақсылық Ш, Кеңес Н осы оқушылар әдеби кітабын көп оқитындығын көрсетіп, өз ойларын жақсы жеткізе білді, әдеби кітаптардың пайдасын айта кетті.