Білім
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ПЕДАГОГТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Білім мен біліктілік бірден пайда болмайды. Оны адам тәжірибе арқылы жинайды. Семинарлар, түрлі ісшаралар мамандардың ой-өрісін дамытары сөзсіз.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Төрткүл» жалпы орта мектебінде «Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорларын, тілдерін дамыту» атты мектепалды даярлық педагогтарына арналған семинар өтті.
Семинардың мақсаты — мектепалды даярлық сынып педагогтарының кәсіби шеберліктерін қалыптастыруда олардың ынталылығын, шығармашылдығын, білімділігін дамыта отырып, біліктілік пен ізденістерін арттыру болып табылады.
Ісшара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, әріптестер бір-бірінің жұмысына толағай табыс тіледі.