Білім

ҚЫЗДАР ТӘРБИЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мектеп жасындағы қыздарға ұлттық тәрбие беру, салт-дәстүріміз арқылы имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің және оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау (суицид) оқиғаларының алдын- алу мақсатында тиісті мамандармен кездесу өткізді.

Онлайн сатысындағы кездесуге өмірден көрген, түйгені ұрпаққа сабақ болар ата-аналар қауымы, аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Шәркүл Тұрдымұратқызы, арнайы мамандар, аудандық емхананың дәрігер-гинекологы Маржан Күмісбекқызы Ордабековамен қоса аудандық полиция бөлімінің қызметкері Мәден Серікұлы, адами әлеуетті дамыту бөлімінің психолог маманы, әдіскер Нағимаш Сапарханқызы қатысты.

Кездесуді адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ұлтусын Мұратбек жүргізіп отырды. Жиында, әсіресе ата-аналар мен қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін? Өздерін ұстау ережелерін біле ме?, Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің көңіліңіз тола ма? төңірегіндегі сұрақ-жауаптар берілді. Ашық пікір алмасу алаңында көптеген сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close