Білім

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жыл сайын ұстаздар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын байқауға еліміз бойынша 173 мұғалім қатысты. Оның ішінде 21 педагог Шымкент қаласының педагогтері.
Байқау — «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, педагогтердің іс-тәжірибесін насихаттау, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру, қала мұғалімдерінің белсенділігін көтеру, нәтижеге бағытталған тиімді технология мен оқыту әдістерін іздеуге бағыттауды мақсат етті.


Республикалық комиссия үздіктерді таңдау барысында жұмыс жүргізіп, еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болды.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты М.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның математика пәнінің мұғалімі Т.В.Харченко, №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ш.Бегманова және Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі Ә.Тұрышова білім беру ұйымдарының педагогтері жеңіске жетті.


Жеңімпаздарды анықтауда қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері мен өз өңіріндегі білім беруді дамытуға қосқан үлесі, оқушыларының жетістіктері және білім беру ісіндегі соңғы технологияларды қолдануы ескерілді.
Ал қалада үздік болған 21 ұстазға жергілікті бюджеттен 300 АЕК көлемінде сыйақы табысталады.
Құрметті әріптестер, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Білім беру үдерісінде қанаттарыңыз талмасын!
Жеңіс құтты болсын әріптестер!

Шымкент қаласы білім басқармасы
әдістемелік орталық.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close