МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ РЕТІНДЕ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» Жолдауында тіл мәртебесіне тиесілі көңіл бөлінуіне қолдау ретінде 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күнінде Шымкент қаласы мәдениет саласының қызметкерлері жұмылдырылып, келер жылда жалғасын табар форматта ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай қала аумағында карантиндік сақтық шараларын қатаң сақтала отырып бірқатар ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның өзіндік ерекшелігі барлық мәдениет саласының (тілдер орталығы, архив, цирк, театр, кітапхана , мәдениет үйлері т.б.) қызметкерлері жұмылдырылып, қаланың «Абай», «Жеңіс» саябақтары мен «Арбатта» тілге құрмет көрсетті.
Атап өтер болсақ, “Абай” саябағында “TilTime” мерекелік іс-шарасы,
«TilTime” мерекелік шара барысында
— “Балалар әлемі” Бормен сурет салу
— “Сөзмерген” Викториналық сұрақтар
— “Латын-караоке” Латынша жазылған ән орындау
— “Сөйлеtime” Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік мұраты. Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының тіл үйренушілерімен қазақ тілі сабағы
— “Ханталапай” ұлттық ойыны
— “Әріптер әлемі” қазақтың төл дыбыстары
— “Тілашар” сөздігінің тұсаукесері
-“Біліміңді тексер” “ҚАЗТЕСТ” бағдарламасы бойынша тест тапсыру, диктант жазу
— “Тіл-тарих” архив көрмесі
— «Сөйлесім» ағылшын тілі клубы,
— “Қуаныш әлемі” Қуыршақ театры мен Цирк ұжымының қойылымы ұйымдастырылды.
Қалалық кітапханалар тарапынан «Жеңіс» саябағында «Тіл және әдебиет» атты кітап көрмесінде «Оқуға тиіс 10 кітап», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақша 100 бестселлер» сериясымен шыққан кітаптар, тілдік танымды арттыратын, жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беретін кітаптар ұсынылды.