Қоғам

ӘНШІЛІК ӨНЕРДІК ӨҢІРЛІК МЕКТЕПТЕРІ

Қазақтың әншілік өнері – Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр т.б. өңірлік дәстүрлі ән- жыр мектептеріне жіктеледі. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы әншілік өнерін ғалымдар бес мектепке бөліп жүр.

Бірінші мектеп — Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріне тән. Бұл мектепті Арқа мектебі деп атайды. Арқа әншілік дәстүрінің кәсіби түрде дамуы Біржан сал Қожағұлұлы шығар- машылығынан бастау алады. Қазақ әнін әуендік, ырғақтық, интонациялық тұрғы- дан мейлінше байытқан Біржан туындылары – қазақ әншілік дәстүріндегі жаңа құ- былыс, жаңа кезең. Көпшілігі кең тыныс, зор дауыспен шырқалатын үлкен диапа- зондағы Біржан әндерін мазмұндық-тақырыптық жағынан екі топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі – ғашықтық, махаббат сырын шертетін, сұлулықты жырлайтын

«Ғашығым», «Ақтентек», «Ләйлім шырақ», «Мақпал» сияқты сыршыл әндері, екіншісі – өзі өмір сүрген қоғамдағы өнерпаз тағдырын толғайтын «Жанбота»,

«Адасқақ», «Теміртас» тәрізді туындылары. Осы аталған және мазмұндық-тақы- рыптық жағынан әр алуан болып келетін басқа да тамаша әндерімен Біржан сал қазақ музыка мәдениеті тарихындағы аса ірі тұлғалардың қатарынан орын алады. Арқадағы әншілік дәстүрдің ендігі бір алтын діңгегі – Ақан сері Қорамсаұлы қазақ ән өнерінің арнасына тың ағыс қосқан тұлғалардың қатарына жатады. Әнші- композитордың нәзік лиризмге, толқынды ырғақ, сұлу әуенге бай, шалқыған кең тынысты шығармалары қазақ әнінің өрісін кеңейтіп, тұғырын биіктете түсті. Ақан әндерінің тақырыбы да сан алуан. Әсіресе, оның көрікті әйел бейнесін, ғашықтық сезімін жырлаған «Ақтоқты», «Балқадиша», «Алтыбасар», «Жамал қыз», «Сы- рымбет», «Мақпал» т.б. әндері, сондай-ақ, жүйрік мініп, құс баптаған саятшы, серінің аты аңызға айналған тұлпарына («Құлагер», «Маңмаңгер»), қыран құсына

(«Қараторғай») арнаған шығармалары – дәстүрлі ән өнерінің інжу-маржандары. Арқа өңірінде өмір сүрген тағы бір айтулы әнші-композитор – Жаяу Мұса

Байжанұлының қазақтың әншілік өнерін дамытуға, оны жаңа саз, өрнектермен байытуға қосқан үлесі мол. Жаяу Мұса әндері көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз және әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын, жаңашыл сипатта болып келеді. «Ақ сиса», «Көкаршын», «Шолпан», «Құлбай бай», «Гауhар қыз» сияқты әндері қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік, қайталанбас үлгілер. Жаяу Мұса ерте сауат ашып, орысша хат таныған адам. Еуропаның музыкалық мәдениетінен біршама хабардар болғандықтан, біраз әндерінде қала әсерінен пайда болған марш, би ырғақтары да кездеседі.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың Құнанбаевтың әндері – Арқа әншілік мек- тебінен өз орнын алады. Ұлттық музыка тілін өзіндік стильмен байытқан «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның әні», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Сегіз аяқ», «Сұрғылт тұман дым бүркіп» сынды әндері арқылы қазақ әніне соны әуен, өзгеше өлшем мен түр ала келген Абайдың жаңашылдық дәстүрін ғұлама ойшыл, ақын, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы жалғастырды. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрын- ғы әннен өзгерек», «Анадан алғаш туғанда», «Жиырма үш жасымда», «Ән тура- лы» сияқты әндерінің Абай шығармашылығымен өзектестігі айқын танылады. Ақылбай, Уәйіс, Берікбол (Ағашаяқ), Мұхамеджан, Шәкір Әбенов сияқты әнші- композиторлар да Абай, Шәкәрім салған үрдісті дамыта түсті. Олардың әндерін насихаттаушылар қатарында Келденбай Өлмесеков, Серікболсын Бекбосынов, Амангелді Жікенов, Санақ Әбеуов, Тельман Құжиманов, Еркін Шүкіманов, Ерлан Рысқали сияқты әншілер бар.

Біржан сал, Ақан серілердің шығармашылық дәстүрімен сабақтасып жат- қан Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы әндерінің тақырыбы алуан түрлі. Оның «Қара- қат көз», «Толқын», «Қызыл асық» әндерінің көпшілігі ойнақылығымен, өзгеше екпін-ырғағымен ерекшеленеді. Бүгінгі күнге, негізінен, бір-біріне ұқсамайтын 4 түрлі нұсқада жеткен «Гәкку» әні Үкілі Ыбырай шығармашылығының шыңы бо- лып саналады. Оның әндерінің бірден-бір жеткізушісі – өз ұрпағы Мұса Асайы- нов болса, халыққа кең таралуына әнші Қ.Байбосынов айрықша үлес қосты.

Арқа өңірінде қалыптасқан әншілік, сал-серілік дәстүрдің тағы бір өкілі Ба- луан Шолақ – өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындау- шысы әрі насихаттаушысы болды. Оның «Ғалия» (2 түрі), «Карон палуан», «Дү- ние», «Сентябрь», «Жастық» сияқты әндері – қазақ музыкасындағы бай әуендік, құрылымдық өрнегімен көз тартатын айшықты туындылар.

Қазақ ән әлеміндегі ең жарқын тұлғалардың бірі – Әсет Найманбайұлы. Ар- қадағы Ақан сері, Біржан салдың, Құлтуманың сұлу сазды әндерін бойына сіңіріп өскен Әсет Найманбайұлы Аягөз – Тарбағатай мен Жетісу өңірлерінің де ән дәс- түріне ынта-ықылас қойып, өнер тағылымын алған. Әсет әндерінің поэтикалық сөз өрнегі ән әуенімен шебер ұштасып жатады. Оның құрылымы кемел, өрнегі бөлек «Қаракөз», «Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қоңырқаз», «Қысмет», «Мақ- пал», «Інжу-маржан» сынды әндері адамның жан-дүниесін тербейтін терең сезім- ге құрылған. Музыкалық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған Әсет әндерінің көпшілігі жұртшылыққа жезтаңдай әнші Дәнеш Рақышев арқылы жетті. «Ахау, жалған», «Жай толқын», «Өтті-ау, дүние-ай», «Хаулилау Қалқаш-ау» – Әсеттің осы күнде сирек орындалатын әндері.

Арқа әншілік, сал-серілік дәстүрінің соңғы өкілдерінің бірі Естай Беркімбайұ- лының есімі махаббат гимні іспетті әйгілі «Қорлан» әні арқылы аңызға айналды. Бұдан басқа, «Жайқоңыр», «Бір мысқал», «Назқоңыр», «Юран-ай» сияқты әндері Б. Жылқыбаев, Ж. Елебековтердің орындауында өзіндік нақыш-өрнек, қайталан- бас сыр-сипатын бұзбай жетіп, халқымыздың ән қазынасын байыта түсті.

«Қарқаралы», «Қаракесек» сияқты барша қазаққа әйгілі сом алтындай кесек туындыларымен ұлттық музыка тарихында өшпес із қалдырған Мәди Бәпиұлы мен сырнаймен ән айту үрдісін қалыптастырушылардың бірі, «Майра», «Толқы- ма», «Бақша» сияқты терең сезім, мол сырлы тамаша әндер шығара отырып, қазақ ән өнерінде тұңғыш рет әйел-әнші бейнесін жасаған Майра Уәлиқызы да Арқа әншілік дәстүрін мейлінше көркейткен айтулы өнерпаздар еді.

Екінші мектеп Оңтүстік және Жетісу өңірі әуендері Сол сияқты Арқа өңірінде өмір сүрген Мұстафа, Сейітжан сал, Қанапия, Жа- рылғапберді, Ғазиз, Иманжүсіп, Шашубай, Тәуке сынды біртуар өнерпаздар мен М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, М. Дулатов, Қ. Аманжолов, Р. Елебаев, М. Ержанов, Б. Жылқыбаев, Қ. Бабақов сияқты кейінгі буын дәстүрлі әнші-композиторлары- ның әндері де Арқа дәстүрлі әншілік мектебінен орын алады. Жетісу ән мектебі – қазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас.

Жетісу жеріндегі ән өнерінің қалыптасуына да осы өңірде ерекше дамы- ған ежелгі ақындық-жыршылық дәстүрдің зор ықпал еткені анық. Осы өңірдегі мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Зерттеуші-ғалымдар Жетісуда Дәурен сал, Тәкен сал деген сал-сері, әнші-сазгерлер өткенін, бірақ шығармалары сақталмағанын жаза- ды. Жетісу әншілік мектебінің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлға Кенен Әзірбаев шығармаларының көбі негізінен өз орындауында жетті. Ұзақ жасап, ар- тына мол мұра қалдырған Кенен әндерінің тақырып ауқымы мол, құрылым-пішіні жағынан да әр алуан, тынысы кең, әуені өрнекті, сан құбылған ырғақты келеді.

«Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұлға», «Базар-Назар», «Алатау алабында», «Тік шырқау» сияқты әсем сазды, сұлу нақышты әндерімен Кенен Жетісу өлкесінде қалыптасқан әншілік дәстүрді кәсіби биік өреге көтерген қазақтың бірегей әнші- композиторы. Жамбыл, Сарбас, Балуан Шолақ сынды белгілі әнші-ақындардан үлгі-өнеге алған Кенен Әзірбаев өз өмірінде жүзден астам әндер шығарған. Жетісу әншілігінің тағы бір көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевты атай аламыз. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аудары- лып дүние жүзіне тарады.

Жетісуға аты әйгілі болған әнші-композитор Қапез Байғабылұлы Ыстамбұлда білім алып, туған жеріне оралған соң, мектептер ашып, бала оқытқан. Кейіннен саяси қуғынға ұшырап, репрессия құрбаны болады (1937 ж.). Қапездің бізге жет- кен «Айхой», «Дүние-ау», «Қоштасу», «Үш Меркі» деген әндері өзгеше әуендік сипатымен ерекшеленеді. Кезінде айтуға тыйым салынғандықтан, ұмытылуға айналған Қапез шығармаларын зерттеуші-ғалым Сағатбек Медеубекұлы, әнші- лер Ғалымжан Досанұлы, Ардақ Балажанова, Рамазан Стамғазиевтар жеткізген болатын. Осы өлкенің тағы бір белгілі әнші-композиторы Пішән Жәлмендеұлы, заманында әншілігімен, күйшілігімен, ел басқару ісімен белгілі болған. Пішәннің соңында жан-жары Ғайшаға арнап шығарған екі әні және «Дүние, шіркін» деген әндері қалды.

Жетісу жеріндегі әншілік өнердің тағы бір өкілі Сәдіқожа Мошанұлы бола- тын. Тағдыры шырғалаңға толы әнші-композитор 27 жасында туған елден жырақ Қытай жерінде дүниеден қайтты. Оның «Ахау, айым», «Сары бидай», «Сағынсаң, қалқа, өзің кел» сияқты өзіндік өрнек-нақышымен ерекшеленетін сұлу сазды әндерін осы күнге жеткізген – Дәнеш Рақышев. Жетісудың оңтүстік жағын- дағы Шу өңірінде жасаған Сауытбек Ұсаұлы, әнші-композитор ретінде, қосыла алмаған арманды ғашығы Ақбөпеге арнаған әнімен белгілі. Автордың соңында қалған жалғыз ән болғанмен, «Ақбөпе» – сезім тереңдігімен, көркем де күрделі бітімімен дәстүрлі кәсіби ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылар қатарынан орын алады. Жетісу өлкесінен шыққан және бір күміс көмей әнші, тамаша композитор Дәнеш Рақышев көптеген халық әндері мен халық композиторларының туынды- ларын тынбай насихаттап өтті. Әнші-композитордың «Саясында алманың», «Жер сұлуы Жетісу», «Аяулым менің, арайлым», «Балжан-ай» сияқты әсем әуезді әндері бар. Жетісу әндері осы күнге Кенен Әзірбаев, Қуат Ниязбаев, Қанабек Райысов, Мұхтар Өтебаев, Серғали Әбжанов, Сәбит Оразбаев, Алтынбек Оразбаев, Төрткен Кененовалар арқылы жетсе, бұл дәстүрді кейінгі кезде Райымқұл Темірбаев, Ер- жан Қосбармақов, Рамазан Стамғазиев, Дүйсенбек Өміралиев, Ақан Әбдуәлиев, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Балажанова, Жазгүл Даңылбаева, Ерболат Шалды- беков, Нұргүл Әлқожаевалар насихаттап жүр.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close