ӘНШІЛІК ӨНЕРДІК ӨҢІРЛІК МЕКТЕПТЕРІ-2
Үшінші мектеп – Қазақстанның батыс өңірін қамтитын Батыс әншілік мектебі. Бұл мектеп әндері асау тайдай тулаған қуатты, екпінді әуездер.
Сонымен қатар, бұл мектепке Маңғыстау мектебі де қосылады. Батыс әншілік мектебінің негізгі тұлғасы – әнші-композитор Мұхит Мералыұлы. Мұхит әндері – диапазон кеңдігімен, ішкі мазмұнының тереңдігімен қазақ ән өнерін биікке көтерген аса бағалы мұра. Композитор шығармашылығында сол өлкедегі ерекше дамыған жы- раулық-жыршылық өнер мен Батыс Қазақстанның сол кезеңдегі шырқау шыңына жеткен күйшілік дәстүрінің ерекше әсері болғаны сөзсіз. Себебі, әннің ішкі таби- ғатын, болмыс-бітімін ашуда домбыра сүйемеліндегі айшықты қағыстар үлкен рөл атқарады. Батыс Қазақстан ән-жыр дәстүріндегі домбыра сүйемелі аспапты кәсі- би деңгейде шебер меңгеруді талап етеді. Өйткені, күйдегі дәстүрлі қағыстар, оң қол және сол қолдағы әртүрлі әдіс-амалдар ән сүйемелінің негізі болып табылады. Мұхит әндерінің бір алуаны орта диапазонды, қоңыр әндер болып келсе «Алуаш»,
«Дүние», «Қолжетпес», «Айнамкөз», «Зәуреш», «Үлкен айдай» тәрізді туындыла- ры – орындаушылық үлкен шеберлікпен биік шырқап айтылатын, кең тынысты, күрделі әндер. Мұхиттың сирек айтылатын «Қоқыш», «Көк жар», «Шандоз» деген әндері бар. Батыс әншілік мектебінің өкілдері Бала Ораз, Қиса, Аманғали, Аухат, Сары, Қызыл, Молдабай, Өтеғали, Дәуке, Білек, Ажар, т.б. көптеген әнші-компо- зиторлардың шығармалары дер кезінде жиналмауы себепті, көптеген әндер жоға- лып, ұмыт болған. Батыс әншілік мектебі әндерінің бүгінгі заманға бұзылмай же- туіне зор еңбек сіңірген әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиев болды. Мұхиттың әндерін оның немерелері Шайқы мен Шынтастан үйреніп, орындаушылық үлгі- лерін алған Ғ. Құрманғалиев өзінің ауқымды орындаушылық шеберлігі арқасында Қазақстанның Батыс аймағының ежелгі қара өлең үлгісіндегі халық әндерін кәсі- би деңгейге жеткізді. Мәселен, ол «Әдемі қыз», «Дариға» секілді халық әндеріне қайырма қосып, қосымша дыбыстар қолдану нәтижесінде бұл әндерге мол тыныс дарытып, кәсіби деңгейін көтерді. Ғ. Құрманғалиев – Мұхит дәстүріндегі әндердің шебер орындаушысы ғана емес, өзі де көптеген әндер шығарған тамаша сазгер. Оның мектебінен дәріс алған шәкірттері Қ. Бекбосынов, Ә. Еңкебаев, Қ. Құлы- шева, Қ. Рахимова, Ж. Сәрсенғалиев, Қ. Орашева, С. Таудаева, С. Рахметжанов, Г. Сүндетова, С. Абдрахманов, С. Жанпейісова, т.б. әншілер батыс ән дәстүрін жал- ғастырушы ізбасарлары болды. Ел ішінен шыққан асқақ әншілер Қ. Жұмалиев, М. Төрешов, Қ. Бердіғалиев, А. Ғұбайдуллин, Е. Мағазов, т.б. әншілер – батыс өлкеде қалыптасқан әншілік дәстүрдің айтулы өкілдері.
Маңғыстау әндері жалпы Батыс әндерінен домбыра қағысының, әуен екпінінің жайлығымен ерекшеленеді. Маңғыстау жерінде XІX ғасырда «Жеті қайқы» деген атпен жеті өнерпаз өмір сүрген. Ол өлкеде «қайқы» деген сөз «сал-сері» деген ма- ғынаны білдіреді. Қазіргі кезде Маңғыстау әндері деп айтылатын әндердің басым көпшілігі – әнші-күйшілігімен, ақындық, сазгерлік өнерімен елге белгілі Досат, Өскінбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман сияқты әнші-компози- торлардың шығармалары. Маңғыстау жерінде бұдан басқа Хамит, Бораш, Ақбала, Қазихан, Смағұл, Қарабай, қосыла алмаған ғашығы Ақбөбекке арнаған әндерімен қазақ даласына белгілі болған Қайып Қорабайұлы деген өнерпаздар өткен. Маң- ғыстау әндерін осы күнге жеткізген І. Шыртанов, К. Тасболатов, З. Есбергенова, Ж. Сейітов, Б. Срановтар болса, қазіргі кезде бұл дәстүрді А. Қосанова, Е. Еміл, А. Ерімбетова, Б. Шәулиев, А. Көшеров, Қ. Жұмановтар жалғастырып жүр.
Төртінші мектеп – Арал жерінен бастау алатын Сыр бойының ән-жыр мек- тебі. Бұл мектепті кеңірек зерттеген Алмас Алматов.
Сыр бойының ән-жыр мектебінің басында халық әндері «Көкшетау», «Дола- на», Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан, Рүстембек жырау орын алады.
Халқымызда «Сыр елі – жыр елі» деген сөз бүкіл Сыр бойы өңіріне берілген баға ретінде айтылады. Сұлу Сырдың сағасы ежелден-ақ сал, серілердің, әнші- күйші, жыраулардың отаны десек ешқашан қателеспеген болар едік. Бүкіл түркі тілдес халықтардың ұлы бабасы атанған Қорқыт бабамыздан бастау алған өлшеуі жоқ өлмес мұраға ие болған кешегі Сыр сүлейлері Тұрмағамбет, Жиенбай жы- рау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Оңғар жырау, Сәрсенбай жырау, Шамшат Төлеповалар, бүгінгі Қали Шыңғысов, Алмас Алматов, Б. Рүстембеков тәрізді таланттар халық арасынан шығып, халқын әнмен, жырмен тербеп, ойын оятқан, сезімін сергітіп, рухани биіктерге бастаған. Балқы Базардан бастау алған Ешнияз, Кете Жүсіп, Тасберген, Дүр Оңғар, Тұрымбет, Молдахмет, Сәрсенбайлар жырау- лық өнердің дүлдүлдері болған. Сыр бойы жыр айту дәстүрі көнеден қалыптасқан көп қырлылығымен, XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ешнияз сал Жайық бойынан қоныс алған. Одан кейінгі жерде Жиенбай жыраудың көмейден құйылатын кең тынысты жырлары тыңдаушыны баурап алады. Сыр сүлейлерінің көбісі ақындықпен қоса орындаушылық міндетін атқарады. Жиенбай жырау өзі толғау, термелер шығара отырып, «Көрұғлы» жырын жырлаған. Сыр бойындағы дәстүрдің өзіндік басты ерекшеліктерінің бірі – мақам. Ал Жиенбай жыраудың мақамы кең тынысты, ырғақты болып келеді. Сыр бойының жыршылық мектебін дамытушы Сыр сүлейлері: Кете Аталған атақты жырау, Арал өңіріндегі Нұртуған ақын, Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы жанрлық, тақырыптық жағынан өте кең көлемді болып құрылған.
Сыр бойының әншілік мектебінде сырнай дәстүрін қалыптастырушы әнші- композитор, халық ақыны Нартай Бекежанов. 10 жасынан ән салып, өлең шығара бастаған Нартайдың «Телқоңыр», бай-молдаларды келемеждеп шығарған «Сараң байға», «Мырзалық емес» әндері бар. «Жесір дауы» әнімен жалшыларды батыл- дыққа, қайсарлыққа шақырған. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар, өзі де «Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет» термесін шығарған.
Көмеймен жыр айту өнері де негізінен Сыр өңірінде сақталған. IX-X ғасырда Сырдың орта, төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылып, 24 түркі тайпасы бірік- кен екен. Олардың арасында қазақтар да бар. Ғалымдардың топшылауы бойынша, көмеймен айту дәстүрі осы дәуірде негізін қалады. Сол тұста Қорқыттың өмір сүруі, қобыз дәстүрінің пайда болуы – көмеймен жыр айту дәстүрін өмірге әкелді. Тува, хакас, алтай халықтарында бұл үрдіс туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Бірақ көмеймен орындау жоғары кәсіби деңгейде Сыр бойында ғана дамығаны байқалады. Өйткені әртүрлі мақамдар бірін-бірі мүлде қайталамайды.