АВИАЦИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕГІ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Жердің əуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, əуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, əскери жəне арнайы тапсырмаларды орындайды. Жыл сайынғы статистика ТЖ – ның авиакөліктерде кездесетін жағдайларының мыңдап саналатынын куəландырады.
Авиа көлікте ТЖ пайда болуы жəне санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, адамдардың салонның бекітулі кеңістігінде болуынан, апатқа ұшырайтын əуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан.
Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың жəне қаза болудың негізгі факторы, соққыдан жəне өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, əуе кемесінің құлаулары.
Ұшудың қауіпсіздігі:
- жобалауды қатал регламенттеумен, құрылулармен, əуе кемесін сынаумен жəне əуе кемесін, авиациялық двигателдер мен жабдықтарды сертификаттаумен;
- техникалық талаптың толық тізімімен жəне əуе кемесінің, олардың элементтерінің, жүйелерінің, агрегаттарының жəне жабдықтарының нормативті сипаттамасымен;
- оларды дайындау жəне қызмет көрсету жөніндегі міндетті ережелері тізімімен бірге, əуе кемесін пайдаланудың техникалық жүйесімен;
- əуежайға, аэродрамдарға, эуе жолдарға техникалық талаптармен жəне нормативтермен;
- əуе қозғалысын басқару ұйымының ережелерімен;
- авиақозғалысын қамтамасыз ететін, метеоқызметінің жұмыс тəртібімен;
- авиа окиғаларды тексеру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан əуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі. Олар авиа тұрақта, ұшу кезінде, отыруға кіру кезінде, отыру кезінде болады.
Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) əуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты əрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Əуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей əуе кемесінің қирау дəрежесіне, жылудан зақымдануына жəне өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс
– қимылының ұйымшылдығына жəне үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды.
Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Əртүрлі топтағы əуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір — бірінен айырмашылығы бар. Олар салондардың құрастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа жəне авариялардың шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сəйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде əуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адмдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Авариялық шығу құлпының конструкциялары салонның ішінен қалай ашылса сыртынан да олардың солай ашылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Шығатын есікті іш жағынан экипаж мүшелері немесе жолаушылар ашады. Бұл жұмысты сыртынан құтқарушылар орындайды. Олар авариялық шығуға жылжымалы басқыш, арнайы автокөліктік құралдар алып келеді, арқан жүйелерін іледі. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады жəне ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді.
Кейде өрт салдарынан пайда болған фюзеляждың өзгеріске ұшырауы жəне жоғарығы температура есіктердің жəне қол тесіктердің сыналасуына əкеледі. Бұндай жағдайда құтқарушъшар фюзеляжды ашуға кіріседі. Фюзсляждың барлық ұзындығына үлкен қысымдағы электр өткізгіш жəне құбыр жүргізетін гидрожүйелер қойылғандықтан ашу орнына еркін жете алмайды. Олардың зақымдануы косымша қиындықтарға алып келуі мүмкін. Ашудың қолайлы орындары фюзеляжда ақ фонда сары түсті тұмаршалармен (бұрыштармен) белгіленген. Ашылу дискілі араларды, электр өңдейтін машиналарды, арнайы қысқыштарды жəне балталарды қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстарды тез жəне барлық сақтану шараларын қадағалай отырып жүргізу керек.
Əуе кемесінің бортынан көшіру.
ТЖ кезінде əуе кемесінің бортынан адамдарды жəне экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды жəне өрт сатыларын, ірі автомобильдердің сыртқы қабын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Əуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары.
ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру жəне люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке жəне Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға жəне басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 с ішінде газға толады жəне жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен жəне ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберуқабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам.
Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен фюзеляждың оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында болуы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік жəне запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы матадан жасалған
«қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек жəне науаның ілмектерін есіктің үстіңгі жəне төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, əуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі.
Əрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады.
Ил – 86 жəне Як – 42 ге жолаушыларды жəне экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил –
86 да екі жолды басқыш бір уақытта əуе кемесінен шығуы мүмкін жəне басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін.
Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді жəне олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, əйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге болмайды.
Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады жəне арқанның көмегімен жерге түсіреді.
Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды жəне экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық жəне жүк бөлмелерін жəне экипаж құрамын тексереді, əйтпесе оларды құтқарылғандардың мəліметтерімен салыстырады жəне тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады.